
Абилов Мурат Смагулович
Бюджет және жергілікті басқару мен өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі
Өмірбаян
АБИЛОВМурат Смагулович
бюджет және жергілікті басқару мен өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі
1959 жылы 20 желтоқсанда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қазақ. Білімі жоғары. 1982 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.
Оқуды бітіргеннен кейін 1982 жылдың тамыз айынан қараша айына дейін Қарағанды облысы Теміртау ІІБ тергеушінің м.а. болып жұмыс істеді.
1982 жылдың қарашасынан 1984 жылдың сәуіріне дейін Сахалин облысында Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті.
1984 жылдың қыркүйегінен 1986 жылдың желтоқсанына дейін Қарағанды облысы Металлургия ауданы прокуратурасының тергеушісі болып жұмыс істеді.
1986 жылғы желтоқсанда Қарағанды облысы прокуратурасының аға тергеушісі болып тағайындалды, онда 1990 жылғы сәуірге дейін жұмыс істеді.1990 жылдың сәуір айында Қарағанды облысы Нұра аудандық сотының судьясы болып сайланды.
1993 жылдың маусымынан 1996 жылдың қарашасына дейін сол жерде аудандық соттың төрағасы болып жұмыс істеді.
1996 жылдың қараша айында Қарағанды қаласы Киров аудандық сотының төрағасы болып сайланды, содан кейін Киров ауданының қайта құрылуына байланысты Қарағанды қаласы Октябрь ауданы негізінде Киров сот учаскесінің аға судьясы болып жұмыс істеді.
1999 жылғы наурызда Қарағанды облысы Әділет басқармасының бастығы болып тағайындалды, онда 2002 жылғы шілдеге дейін жұмыс істеді.
2002 жылғы шілдеден 2004 жылғы наурызға дейін Ақтөбе облысы прокурорының орынбасары, ал 2004 жылғы наурыздан 2004 жылғы мамырға дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.
2004 жылғы мамырда Қарағанды облысы прокурорының орынбасары, ал 2009 жылғы наурызда Қарағанды облысы прокуратурасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
2009 жылғы маусымнан 2016 жылғы тамызға дейін Қарағанды облысы Әділет департаментінің бастығы болып жұмыс істеді, ал 2016 жылғы тамыздан 2018 жылғы сәуірге дейін Астана қаласы Әділет департаментінің бастығы болып жұмыс істеді.
2018 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды облысы бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы болып жұмыс істейді.
«Құрмет» орденімен (2016), «Ерең еңбегі үшін» медалімен (2010) марапатталған.
«NurOtan» партиясының мүшесі.
Үйленген, 3 баласы бар.




