Абилов Мурат Смагулович

    Қарағанды ​​облыстық мәслихатының депутаты

    Абилов Мурат Смагулович
    Қызметкерлер

    Абилов Мурат Смагулович

    Қарағанды ​​облыстық мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    1959 жылы 20 желтоқсанда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қазақ. 1977 - 1982 жылдары Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетінің студенті.

    Университетті аяқтаған соң 1982 жылдың тамыз-қараша айлары аралығында Қарағанды облысының Теміртау ІІБ тергеушінің міндетін атқарушы болып жұмыс істеді.

    1982 - 1984 жылдары Сахалин облысында Кеңес Армиясы қатарында болды.

    1984 - 1986 жылдар аралығында Қарағанды облысы Металлургия ауданы прокуратурасының тергеушісі болып жұмыс істеді.

    1986 жылдың аяғынан 1990 жылдың сәуіріне дейін - Қарағанды облысы прокуратурасының аға тергеушісі.

    1990 -1993 жылдары - Қарағанды облысы Нұра аудандық сотының судьясы, 1993 - 1996 жылдары сол аудандық соттың төрағасы болып қызмет етті.

    1996 -1999 жылғы наурызға дейін - Қарағанды қаласы Киров аудандық сотының төрағасы, Киров ауданының қайта құрылуына байланысты Қарағанды қаласы Октябрь ауданы негізінде Киров сот учаскесінің аға судьясы болып жұмыс істеді.

    1999 – 2002 жылдара арасында Қарағанды облысының Әділет басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.

    2002 - 2004 жылдарда - Ақтөбе облысы прокурорының орынбасары, ал 2004 жылдың наурызынан 2004 жылдың мамырына дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті төрағасының орынбасары болды.

    2004 жылдан Қарағанды облысы прокурорының орынбасары, ал 2009 жылғы наурыз – маусым аралығында Қарағанды облысы прокуратурасының бірінші орынбасары.

    2009 - 2016 жылдарда - Қарағанды облысы Әділет департаментінің бастығы.

    2016 - 2018 жылдары Астана қаласы Әділет департаментінің бастығы болып қызмет істеді.

    2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қарағанды облысы бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы болып жұмыс істейді.

    «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2010), «Құрмет» орденімен (2016) марапатталған.

    «АМАНАТ» партиясының мүшесі, 7-ші және 8 -ші сайланған Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты. Бюджет және жергілікті басқару мен өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының орынбасары болды. Қазіргі уақытта депутаттық өкілеттіктер, этика, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы.

    Үйленген, 3 баласы бар.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері