Өтешов Серік Балғатайұлы

    Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы

    Өтешов Серік Балғатайұлы
    Депутат маслихата

    Өтешов Серік Балғатайұлы

    Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы

    Өмірбаян

    Серік Балғатайұлы Өтешов 1963 жылы туған. Жоғары экономикалық білімі бар.

    Еңбек жолын 1986 жылы Жезқазған облыстық қаржы бөлімінде бюджет бөлімнің экономисті болып бастаған. 1988 жылы Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтегеннен кейін Жезқазған облыстық қаржы басқармасының кірістер түсімін болжау және экономикалық талдау бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. 1995 жылы Жезқазған облысының сыртқы экономикалық байланыстар облыстық комитетінің төрағасы болып тағайындалды. 1996 жылдың тамызында облыстық өнеркәсіп департаментінің бастығы лауазымына ауыстырылды. 1996 жылдың қазан айында Жезқазған облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. 1997 жылғы шілдеде облыстардың бірігуіне байланысты Қарағанды облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары, ал 1997 жылғы қыркүйекте Қарағанды облыстық қаржы басқармасының бастығы болып жұмысқа ауыстырылды. 2000 жылдың мамыр айынан 2004 жылдың сәуір айына дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

    2004-2006 жылдар аралығында - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы. 2006-2010 жылдары - Қарағанды облысы қаржы департаментінің директоры, 2010-2011 жылдары - Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары.

    2011 жылдың қыркүйегінен 2017 жылдың қазанына дейін - Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы.

    2017 жылғы қарашада Қарағанды облыстық мәслихатының ХІ сессиясында алтыншы шақырылған облыстық мәслихаттың хатшысы болып бірауыздан сайланды. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

    «Құрмет» орденімен (2016 ж.), «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2016 ж.), «Қаржы қызметінің үздігі» және «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгілерімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 20-жыл», «10 жыл Астана», «Қазақстан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016ж.), «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» (2020ж.), Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен марапатталған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері