
Оспанова Қадиша Базарбайқызы
Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы, депутат
1959 жылы 19 тамызда Омбы облысында дүниеге келген. Қазақ. 1976 жылы Омбы мемлекеттік медицина институтына түсіп, 1981 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетіне ауысып, оны бітірді, онда 30 жыл жұмыс істеді, еңбек жолын кафедраның ассистентінен бастады, содан кейін доцент, кафедра меңгерушісі, дипломнан кейінгі білім беру факультетінің деканы және үздіксіз кәсіби даму жөніндегі проректор болып жұмыс істеді.
1991 жылы кандидаттық, 2003 жылдың ақпанында докторлық диссертация қорғады, медицина ғылымдарының докторы, профессор ғылыми атағы бар.
2004 жылдан бастап «Amanat» партиясының мүшесі, 2006 жылдан бастап «Amanat» партиясы Саяси кеңесінің және партияның облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшесі. 2012 жылдың ақпанынан 2022 жылдың қаңтарына дейін «Amanat» партиясының Қарағанды филиалы төрағасының бірінші орынбасары. 2022 жылғы қаңтардан бастап облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы.
2003 жылы Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, 2007 жылдан бастап облыстық мәслихаттың бес шақырылымының депутаты болып сайланды.
Израильде, Венгрияда, АҚШ-та, Польшада басқару менеджменті және басқару психологиясы бойынша оқудан өтті.
«Құрмет» орденмен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Қазақстан Республикасының мерейтойлық медальдарымен, «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау үздігі», «Алтын Дәрігер» төс белгілерімен марапатталған.
Тұрмыста, ұл тәрбиелеп отыр.




