
Шалабаева Зара Хамитовна
Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі, депутат
1983 жылы 15 сәуірде Қарағанды қаласында дүниеге келген, ұлты-қазақ. Тұрмыста, үш баласы бар.
2004 жылы «Қазтұтынуодағы» Қарағанды экономикалық университетін «Экономикалық қызмет саласындағы заңгер» мамандығы бойынша оқып бітірді.
2006-2008 жылдары – «Юраудит» ЖШС заңгер.
2008-2018 жылдары – «Зигер Караганда» ЖШС заңгер.
2018 жылдан бастап «Оптимус КЗ» ЖШС заңгер болып жұмыс істейді.
2016 жылдан бастап «Қарағанды қаласының мейірімділік клубының» басшысы болып табылады.
«Қарағанды облысы бойынша Әйелдер Күштері Альянсы» ЗТБ мүшесі.
2022 жылдан осы уақытқа дейін «Жаңа Қазақстан» Азаматтық одағы» ҚБ төрағасы.
2021 жылы VII шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутат болып сайланды.
Марапаттары: «Халық алғысы» медалі, «Халыққа қызмет ету» номинациясы бойынша Замандас сыйлығы.




