
Қожахметова Ләззат Таймырқызы
Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Әлеуметтік-мәдени даму және әлеуметтік қорғау жөніндегітұрақты комиссия мүшесі
1976 жылдың 28 тамызында Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Шабанбай селосында дүниеге келген. Қазақ.
Білімі жоғары, 1997 жылы академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Журналистика» мамандығы бойынша аяқтаған. 2012 жылы академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің магистратурасын бітірді, әлеуметтану ғылымдарының магистрі. 2018 жылы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Саясаттану және журналистика факультетін PhD дәрежесі бойынша бітірді.
Түрлі бұқаралық ақпарат құралдарында журналист болып қызмет істеді. Республикалық «Нехабар» газетінің Қарағанды облысындағы тілшісі, республикалық http://abctv.kzсайтының Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі, республикалықhttp://bnews.kz/kzақпараттық агенттігінің Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі, республикалықhttp://munara.kzақпараттық порталының Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі, Қарағанды облысының ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының оқытушысы, Қарағанды қаласындағы «5 канал» телекомпаниясында тілші, Қарағанды қаласының ІІБ баспасөз қызметі инспекторы, Қарағанды қалалық «5 канал» тілшісі, Қарағанды қалалық «ART-TV» телекомпаниясында тілші болған. 2014-2021 жылдар аралығында республикалық «Айқын» газетінің Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі, 2021-2022 жылдар аралығында « Qaraghandy Habary» газетінің бас редакторы болды.
2020-2022 жылдар аралығында Президент жанындағы Ұлттық Қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі болды. Президент жанындағы Жоғары кеңестің Әлеуметтік комитетіне мүше болды. Сенат жанындағы Әлеуметтік комиссия жанындағы жұмыс тобына мүше болды.
1997 жылдан бүгінгі күнге дейін Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің журналистика кафедрасының аға оқытушысы, 2020 жылдан бүгінгі күнге дейін «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығының» директоры.
2020 жылдан бүгінгі күнге дейін «Talbesyk» көпбалалы аналар одағы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, 2020 жылдан бүгінгі күнге дейін Қарағанды облысы ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы, 2020 жылдан бүгінгі күнге дейін Президент жанындағы Әйелдер істері және демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі. 2022 жылдан бүгінгі күнге дейін Президент жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі.
2020 жылы Қарағанды облысы әкімінің журналистерге арналған «Алтын сұңқар» сыйлығын «Белсенді өмірлік ұстаным үшін» номинациясы бойынша иеленді. 2021 жылғы Қарағанды қаласы әкімінің қаланы дамытуға арналған «Замандас» сыйлығын «Ұстаным» номинациясы бойынша иеленді. Президент Қ.Тоқаевтың, «Amanat» партиясының төрағасы Е.Қошановтың Алғысхат иегері.
2022 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2021 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен, 2020 жылы «Халық алғысы» медалімен марапатталған.
«Amanat» партиясының мүшесі.
Тұрмыста, төрт баласы бар.




