
Бадина Юлия Викторовна
Бюджет және жергілікті басқару мен өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі
Өмірбаян
1972 жылы 11 тамызда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Орыс. Мамандығы бойынша төрт жоғары білімі бар: медицина ісі, аудармашы, мемлекеттік және жергілікті басқару және мемлекеттік және муниципалдық басқару магистрі дәрежесі. 1995 жылдан 1997 жылға дейін «дерматология» кафедрасы, клиникалық ординатурада ординатор болып жұмыс істеді. 1997 жылдан 2003 жылға дейін Облыстық тері-венерологиялық диспансерде дәрігер болып жұмыс істеді. 2003 жылдан 2006 жылға дейін «Триада ЛТД» ЖШС директорының орынбасары қызметін атқарды. 2006 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Nur Otan» партиясының Қарағанды қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс істейді. Қарағанды қалалық мәслихатының үш шақырылымының депутаты.
2012-2013 жылдары Қарағанды қаласындағы «Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығының» атқарушы директоры. 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қарағанды облысының гимнастика федерациясы» ҚБ президенті. 2016 жылдан бастап «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бақылау кеңесінің мүшесі.
2019 жылдан бастап «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
Мерейтойлық медальдармен, сондай-ақ «Ерең еңбегі үшін» (2017), «Белсенді еңбегі үшін» (2019) медальдарымен марапатталған.
«Nur Otan» партиясының мүшесі.




