
Калыков Арман Қобыландыұлы
Өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық және жер мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі
Өмірбаян
1973 жылы 31 қарашада Ақмола облысы Ақсу кентінде туған. Қазақ. Екі жоғары білімі бар. 1993 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіне түсіп, оны 1998 жылы тау-кен инженері мамандығы бойынша бітіріп шықты. 2007 жылы Қарағанды мемлекеттік университетіне түсіп, оны 2011 жылы бітіріп, экономист дипломын алды.
Еңбек жолын 1991 жылы Қарағанды облысы Шахтинск қаласы В.И. Ленин атындағы шахтаның тазалау забойының жер асты тау-кен жұмысшысы, өндіру учаскесінің тау-кен шебері болып бастады. 1998-2007 жж. – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ КД В.И. Ленин атындағы шахтасының өндіру учаскесі бастығының көмекшісі, 2007-2008 жж. – В.И. Ленин атындағы шахта директорының техника қауіпсіздігі жөніндегі орынбасары. 2008-2010 жж. – «Тентек» шахтасы директорының жер асты жұмыстары жөніндегі орынбасары. 2010-2015 жылдар аралығындағы кезеңде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ КД «Қазақстан» шахтасы директорының өндіріс жөніндегі орынбасары, бас инженері және директоры қызметтерін атқарды. 2015 жылдан бүгінгі күнге дейін «АрселорМиттал Теміртау» АҚ КД В.И. Ленин атындағы шахтасының директоры болып еңбек етеді.
Мемлекеттік және мерейтойлық наградалары бар. «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2020 жыл), III дәрежелі «Шахтер даңқы» белгісімен (2010) және II дәрежелі «Шахтер даңқы» белгісімен (2015), I дәрежелі «Шахтер даңқы» белгісімен (2019), «Мәслихаттарға 20 жыл» медалімен (2014), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» медалімен (2015) марапатталған.
Шахтинск қалалық мәслихатының IV және V шақырылымдарының депутаты, Қарағанды облыстық мәслихатының VI және VII шақырылымдарының депутаты болып сайланды.
«Nur Otan» партиясының мүшесі.
Үйленген, үш баласы – қызы және екі ұлы бар.




