Георгиади Иван Владимирович

    Өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық және жер мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.

    Георгиади Иван Владимирович
    Депутат маслихата

    Георгиади Иван Владимирович

    Өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық және жер мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.

    Өмірбаян

    1980 жылы 18 шілдеде Теміртау қаласында туған. Грек.

    1998 жылы политехникалық колледжге оқуға түсті. Оны аяқтаған соң ҚарМетИ-де оқуын жалғастырды.

    Аталмыш оқу орнын 2006 жылы «инженер-механик» мамандығы бойынша ойдағыдай аяқтады.

    Сол жылы екінші жоғары мамандық алу үшін КГИУ-ге түсіп, оны 2008 жылы «құрылыс» мамандығы бойынша бітіріп шықты.

    2003 жылдың наурызынан «ЦЕНТРПРОМСТРОЙ» ЖШС-нің құрылыс-монтаж ұйымында бас директор болды. 2010 жылдың сәуірінен бүгінгі таңға дейін «Имсталькон-Теміртау» ЖШС-нің директоры. 2007 жылы Теміртау қалалық мәслихатына, 2012, 2016, 2021 жылғы VI -VIІ шақырылымының депутаты болып сайланды.

    Қарағанды облыстық мәслихатының өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық және жер мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.

    Облыстық қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысқаны және жаңа қазақстандық қоғам құру ісіне сіңірген жеке үлесі үшін бірнеше рет Қарағанды облысы және қала әкімінің құрмет грамотасымен марапатталған.

    2008 жылы «Жастардың жыл көшбасшысы» атағына, 2009 жылы «Жастардың үздік көшбасшысы» атағына, 2013 жылы Теміртау қаласы әкімінің «Дара тұлға» құрметті алтын белгісіне ие болды.

    «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2019 жыл), «Жомарт Жан» төс белгісімен, бірқатар мерекелік медальдармен марапатталған.

    «Nur Otan» партиясының мүшесі.

    Үйленген, үш баласы бар.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері