
Оспанова Қадиша Базарбайқызы
Бюджет және жергілікті басқару мен өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы
Өмірбаян
1959 жылы 19 тамызда Омбы облысында дүниеге келген. Қазақ. 1976 жылы Омбы мемлекеттік медицина институтына түсіп, 1981 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетіне ауысып, оны бітірді, онда 30 жыл жұмыс істеді, еңбек жолын кафедраның ассистентінен бастады, содан кейін доцент, кафедра меңгерушісі, дипломнан кейінгі білім беру факультетінің деканы және үздіксіз кәсіби даму жөніндегі проректор болып жұмыс істеді.
1991 жылы кандидаттық, 2003 жылдың ақпанында докторлық диссертация қорғады, медицина ғылымдарының докторы, профессор ғылыми атағы бар.
2004 жылдан бастап «Nur Otan» партиясының мүшесі, 2006 жылдан бастап «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің және партияның облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшесі. 2012 жылдың ақпан айынан бастап «Nur Otan» партиясының Қарағанды филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
2003 жылы Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, 2007 жылдан бастап облыстық мәслихаттың төрт шақырылымының депутаты болып сайланды.
Израильде, Венгрияда, АҚШ-та, Польшада басқару менеджменті және басқару психологиясы бойынша оқудан өтті.
«Құрмет» орденмен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Қазақстан Республикасының мерейтойлық медальдарымен, «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау үздігі», «Алтын Дәрігер» төс белгілерімен марапатталған.
Тұрмыста, ұл тәрбиелеп отыр.




