Жұмағұлов Айтбай Ботпайұлы

    Қарағанды ​​облыстық мәслихатының депутаты

    Жұмағұлов Айтбай Ботпайұлы
    Қызметкерлер

    Жұмағұлов Айтбай Ботпайұлы

    Қарағанды ​​облыстық мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    Әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі

    1975 жылы 7 желтоқсанда Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Қарқұдық ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Филология ғылымдарының кандидаты 2007ж. 1999 жылы академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті филология факультетін "Басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі" және 2016 жылы "Мемлекттік және жергілікті басқару" мамамандықтары бойынша тамамдаған.

    1999-2000 жылдары Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан атындағы №76 қазақ орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалім. 2000-2001 жылдары Қазақстан-Ресей қазіргі заманғы университеті қазақ филологиясы кафедрасының оқытушысы болып қызмет етті. 2001 жылдан бері Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті филология факультеті қазақ әдебиеті кафедрасында аға оқытушы болып қызымет етіп келеді. 2012 оқу жылынын бастап университет доценті.

    2002-2005 жылдар аралығында аталмыш университеттің аспирантурасында күндізгі бөлімінде оқыды. 2012 жылы «Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеу тарихы» деген монографиясы жарық көрді. 100 жуық ғылыми мақаланың авторы 2005 жылдан бері Қарағанды облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Халық шығармашылығы орталығында «Арқа» айтыс ақындары мен жыршы, термешілер мектебінде жетекшілілік және «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің Халықаралық одағының» Қарағанды облысы филиалының өкілі қызметін атқарады.

    03.2020-09.2022 аралығында Қарағанды облысы Ішкі саясат басқармасы "Рухани жаңғыру" өңірлік жобалық кенсесінің басшысы қызметін атқарды. Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі тағайындаған «2014 жылдың жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері.

    2012 жылы Республикалық Ардагерлер Кеңесі тағайындаған Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» медалімен марапатталды. 2017 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Алашорда үкіметі мен Алаш автаномиясының 100 жылдығының құрметіне арналған медальмен марапатталды.

    «Қазақ әдебиетін дәуірлеутарихы» монография, ЖШС «Тенгри», 2015.-Б.145, «Қазақ әдебиеті тарихының зерттелуі (1968-1984 жылдардағы еңбектер негізінде)» (2015) атты оқу-әдістемелік құралы Қарағанды: ЖШС «Арко», 2015., -Б.245, «Бұқар жырау тағылымы» ғылыми жинақ Қарағанды: ЖШС «Тенгри», 2015.-Б.464, «Даналық дидары» ғылыми жинақ Қарағанды: ЖШС «Арко», 2015.-Б.144, «Жұмабек Ташенев» әдеби жинақ ЖШС «Тенгри», 2021.-Б.292 әдеби және ғылыми жинақтардың авторы. «Бұқар жырау ауданының құрметті азаматы» 2019 ж., «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі 2019 ж. мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері 2021ж. 2022 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды.

    Бірнеше аймақтық, Республикалық, халықаралық айтыстардың жүлдегері.

    «AMANAT» партиясының мүшесі. «AMANAT» партиясының облыстық "Мирас" қоғамдық кеңес мүшесінің төрағасы.

    Отбасылы, 4 баланың әкесі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері