
Өтеубаев Талғат Бабашұлы
Құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық және экология жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы
Өмірбаян
1962 жылы 9 қаңтарда Целиноград облысы Ерментау қаласында дүниеге келді. Қазақ. Білімі жоғары – инженер-механик (Целиноград инженерлік-құрылыс институты, 1985 жыл, Целиноград қ.), заңгер (Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, 1995 жыл, Қарағанды қ.), іскерлік әкімшілік магистрі (ҚР ІІМ Академиясы, 2001 жыл, Алматы қ.), докторантура (Ақпараттық жүйелер және менеджмент университеті - ISMA, (2014-2017 жыл, Рига қ., Латвия), PhD докторы (Д. А. Ценов атындағы экономика академиясы, 2018 жыл, Болгария).
Еңбек жолын 1979 жылы Көкшетау облысы Талшық кентінің АКК-да бастады, автослесірден осы автокөлік кәсіпорнының бас инженеріне дейін еңбек жолын өтті.
1990-2002 жылдары Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарында қызмет атқарды. 1997 ж. Қарағанды облысының Саран ҚІІБ басқарды, 2001 ж. ҚР ІІМ академиясын бітіргеннен кейін Қарағанды қаласының ІІБ бастығының орынбасары болып тағайындалды.
2002 жылдың сәуірінен бастап «Саранрезинотехника» ААҚ конвейер ленталарын және өзге де резеңке техникалық бұйымдарды өндіруші кәсіпорынның вице-президенті болып жұмыс істеді, 2003 жылдың қазанында «Сараньрезинотехника» ААҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды, 2005 жылдың шілдесінде «Карагандарезинотехника» ЖШС Бас директоры лауазымына тағайындалды.
2006 жылдың тамызынан бастап қазіргі уақытқа дейін Eurasian Industrial Chemical Group Бас директорымы.
«Құрмет» орденімен (2013 жыл), Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаттарымен, Қазақстан Республикасының медальдарымен және төс белгілерімен марапатталды.
«Nur Otan» партиясының мүшесі.
Үйленген. Балалары мен немерелері бар.




