Нигматулин Арғын Зайруллаұлы

    Бюджет және жергілікті басқару мен өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі

    Нигматулин Арғын Зайруллаұлы
    Депутат маслихата

    Нигматулин Арғын Зайруллаұлы

    Бюджет және жергілікті басқару мен өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі

    Өмірбаян

    1955 жылы 28 маусымда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қазақ. Екі жоғары білімі бар, 1977 жылы «Пайдалы қазбалар кен орындарын жер астында игерудің технологиясы және кешенді механизациясы» мамандығы бойынша Қарағанды политехникалық институтын бітірді; 2000 жылы Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірді. «Техника ғылымдарының кандидаты» ғылыми дәрежесі бар (1986 жыл).

    1977 жылдан 1996 жылға дейін Қарағанды көмір бассейнінің шахталарында басшылық лауазымдарды атқарды; 1996 жылдан 1997 жылға дейін Қарағанды қаласының Ленин және Кеңес ауданы әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс істеді; 1997 жылдан 2007 жылға дейін Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Тіркеу қызметі Комитетінің Қарағанды облысы бойынша «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК директоры болып жұмыс істеді; 2007 жылдың сәуірінен 2018 жылға дейін «Сарыарқа» хоккей клубы» ЖШС директоры болды. Қазіргі уақытта белсенді қоғамдық қызметпен айналысады.

    «Құрмет», «Парасат» ордендерімен, Қазақстан Республикасының мерейтойлық медальдарымен, «Фемидаға адал қызметі үшін», «Белсенді қызметі үшін» төс белгілерімен марапатталған, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің құрметті профессоры, «Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері» атақтары бар.

    Бокстан Қазақ КСР чемпионаттары мен біріншіліктерінің, бүкілодақтық және халықаралық турнирлердің жеңімпазы.

    А.З. Нигматуллин облыстық мәслихаттың V, VI, VII шақырылымдарының депутаты болған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері