Калыков Абай Кобландиевич

    Қарағанды ​​облыстық мәслихатының депутаты

    Калыков Абай Кобландиевич
    Қызметкерлер

    Калыков Абай Кобландиевич

    Қарағанды ​​облыстық мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    1975 жылдың 8-қарашасында Ақмола облысы, Искра ауылында дүниеге келдім.

    1992 жылы Шахтинск қаласының №3 орта мектебін аяқтадым. Орта мектепті бітіргеннен кейін Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне оқуға түстім. Жоғарыда аталған университетті 1996 жылы «Маркетинг және коммерция» мамандығы бойынша тәмамдап, экономист біліктілігін алды.

    1998 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітіріп, экономика магистрі академиялық дәрежесіне ие болдым.

    2003 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Экономика және халық шаруашылығын басқару» мамандығы бойынша аспирантурасын аяқтап, 2004 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы диссертациялық кеңесте экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертацияны ойдағыдай қорғап, 2005 жылы ҚР БҒМ ЖАК шешімімен экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін иелендім.

    2011 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Шет тілі: екі шет тілі (ағылшын, француз)» мамандығы бойынша аяқтап, педагогика бакалавры академиялық дәрежесі алдым.

    Еңбек жолын 1998 жылы қыркүйек айында Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде Экономика факультетінің Маркетинг кафедрасының оқытушысы болып бастадым. Осы оқу орында әртүрлі лауазымдарда -аға оқытушы, доцент, деканның орынбасары, декан, проректорболып 2020 жылға дейін қызмет атқардым.

    2020 жылдың тамыз айынан 2022 жылдың қараша айына дейін «Astana IT University» ЖШС-де жұмыс істедім. 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің басқарма мүшесі-проректоры лауазымында қызмет атқарудамын.

    (2016-2021 жж.) 6-шы шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, Экономика, даму бағдарламасы және қала бюджеті мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болдым.

    2022 жылдан бастап Қарағанды облысы әкімінің жанындағы жастар кеңесі жөніндегі кеңестің мүшесімін.

    Үйленгенмін. 2 баланың әкесімін.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері