Адекенов Серғазы Мыңжасарұлы

    өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық және жер мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы

    Адекенов Серғазы Мыңжасарұлы
    Депутат маслихата

    Адекенов Серғазы Мыңжасарұлы

    өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық және жер мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы

    Өмірбаян

    ӘДЕКЕНОВ СерғазыМыңжасарұлы

    өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық және жер мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы

    1956 жылы 15 тамызда Қарағанды облысында туған. Қазақ. 1978 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін «Химия» мамандығы бойынша үздік бітірген.

    Академиялық атағы: ҚР ҰҒА академигі, профессор.

    Ғылыми дәрежесі: химия ғылымдарының докторы.

    1978-1984 жж. – Қазақ КСР ҒА Химия-металлургия институтының аға зертханашысы, инженері, кіші ғылыми қызметкері; 1984-1995 жж. – ҚР ҰҒА Органикалық синтез және көмір химиясы институтының табиғи қосылыстар химиясы зертханасының аға ғылыми қызметкері, меңгерушісі; 1995-2006 жж. – Фитохимия институтының директоры (ҚР Үкіметінің 07.04.1995 ж. №430 Қаулысына сәйкес Органикалық синтез және көмір химиясы институтының табиғи қосылыстар химиясы зертханасының негізінде «Фитохимия институты» РМҚК ұйымдастырылды); 2006-2009 жж. – «Фитохимия» ғылыми-өндірістік орталығы» АҚ Президенті (ҚР Үкіметінің 27.09.2005 ж. №953 Қаулысымен «Фитохимия институты» РМҚК «Фитохимия» ғылыми-өндірістік орталығы» АҚ болып қайта ұйымдастырылды); 2009 жылдан осы уақытқа дейін – «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі» АҚ бас директоры (ҚР ҚМ ММЖК 24.03.2009 ж. №139 Бұйрығына және «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ Директорлар кеңесі отырысының 30.04.2009 ж. №3 хаттамасына сәйкес «Фитохимия» ғылыми-өндірістік орталығы» АҚ атауы «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі» АҚ болып өзгертілді).

    2000-нан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 25 монографияның, 130-дан астам патенттің (20 шетелдік) авторы. Қатерлі ісікке қарсы жаңа бірегей отандық «Арглабин» препаратын жасаушы. Сондай-ақ, «Салсоколлин», «Атеролид», «Саусалин», «Экдифит», «Экдисоп» сияқты бірегей отандық дәрілік препараттарын жасап шығарды.

    Академик С.М. Әдекенов Қарағандыда биоорганикалық химия және табиғи қосылыстар химиясы саласында дүниежүзі мойындаған ғылыми мектепті ұйымдастырды. Оның ғылыми жетекшілігімен 12 докторлық және 64 кандидаттық диссертация қорғалды.

    Серғазы Мыңжасарұлының тікелей жетекшілігі мен жеке қатысуымен «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингінің негізінде 72 бірегей дәрілік препаратты өндіретін Қарағанды фармацевтикалық зауыты салынып, пайдалануға берілді, аймақтық фармацевтикалық кластер құрылды, Биологиялық белсенді қосылыстардың және дәрілік заттар стандартты үлгілерінің республикалық банкі ұйымдастырылды.

    Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 03.12.2007 ж. №451 Жарлығымен С.М. Әдекеновке ҚР ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді.

    Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 03.12.2012 ж. №124 Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.

    «Құрмет» орденімен (2006 ж.), «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2001 ж.), Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен (1981 ж.) марапатталды.

    «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы.

    С.М. Әдекенов облыстық мәслихаттың жеті шақырылымының депутаты болып табылады.

    Үйленген, төрт қызы бар.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері