
Алимбаева Әдия Базылқызы
құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық және экология жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі
Өмірбаян
ӘЛІМБАЕВА Әдия Базылқызы
құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық және экология жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі
1978 жылы 28 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Шар қаласында дүниеге келген.Ұлты-қазақ. Білімі жоғары-1999 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «халықаралық қатынастар экономисі» мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылы Қазақстан көлік және коммуникация академиясында диссертация қорғады. Экономика ғылымдарының кандидаты. 2020 жылдан бастап Nazarbayev University-де Executive МВА бағдарламасы бойынша білім алады.
Еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды облыстық телекоммуникация дирекциясының операторы болып бастады. Қазіргі уақытта «Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік Бизнес дивизионының бас бизнес-талдаушысы болып жұмыс істейді.
«Ерен еңбегі үшін» (2019 жыл) медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен (2011 ж.), "Ұздық байланысшы" (2019 ж.) атағымен марапатталған.
«Nur Otan» партиясының мүшесі.
Тұрмыста.Төрт баласы-үш қызы мен ұлы бар.




