Махатчина Мира Атамалқызы

    Құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық және экология жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі

    Махатчина Мира Атамалқызы
    Депутат маслихата

    Махатчина Мира Атамалқызы

    Құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық және экология жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі

    Өмірбаян

    1965 жылы 09 қазанда Қарағанды облысы, Шет ауданында дүниеге келген.

    Төрт жоғары білімі бар: Қарағанды экономикалық университетінің жергілікті және мемлекеттік басқару мамандығы бойынша, Қарағанды Экономикалық Университетінің экология мамандығы бойынша, Орталық Қазақстан Академиясының заңгер мамандығы бойынша (құқықтану) бітірген, Қазақ мемлекеттік университетінің тарих мамандығы бойынша (4 курс) оқиды. Еңбек өтілім 35 жылдан асады.

    Еңбек жолын 1985 жылдан бастап орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі, тарих пәнінің мұғалімі болып бастады. Одан кейін кәсіпкерлікпен айналысып, «Ерболат» ЖК директоры болды. 2003-2004 жылдары-қоғамдық қайырымдылық қорының атқарушы директоры, 2004 жылдан 2011 жылға дейін «Аспандау» ЖК кәсіпорны директорының орынбасары, 2011 жылдан 2018 жылға дейін Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қарағанды орман және жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кадрлар жөніндегі инспектор, сонымен қатар қоғамдық қайырымдылық қорындағы атқарушы директор қызметін қоса атқарды.

    2019 жылдан бастап Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қарағанды су қоймалары» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшысы болып жұмыс істейді

    20 жылдан астам қоғамдық жұмыстармен белсенді айналысады: бастауыш кәсіподақ комитетінің төрағасы, бастауыш партия ұйымының төрағасы; барлық деңгейдегі депутаттарды сайлау жөніндегі комиссияның мүшесі, «Nur Otan» партиясы Октябрь ауданы филиалының сайлауалды штабының төрағасы, Октябрь ауданы филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшесі, «Nur Otan» облыстық филиалы Кеңесінің балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының бақылау-ревизиялық комиссиясының мүшесі.

    Марапаттары: «Ел ардақтысы» медалі- «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ шығармашылық бірлестігі (International Kazakh Creative Assosiation), «NurOtan» партиясының төсбелгісі - «Белсенді қызметі үшін»,

    Қазақстан Республикасының Елбасы және Президентінің Алғыс хаттары, орман және жануарлар әлемін қорғау Комитетінің Құрмет грамотасы, облыстық кәсіподақ федерациясының Құрмет грамотасы.

    «Nur Otan» партиясының мүшесі.

    Қызы бар.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері