Халилин Ерден Балтабайұлы

    Қарағанды ​​облыстық мәслихатының депутаты

    Халилин Ерден Балтабайұлы
    Қызметкерлер

    Халилин Ерден Балтабайұлы

    Қарағанды ​​облыстық мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    Әлеуметтік-мәдени даму және әлеуметтік қорғау жөніндегітұрақты комиссияның төрағасының орынбасары

    1967 жылы 29 наурызда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Рассвет ауылында дүниеге келген. Қазақ. Білімі жоғары, 1990 жылы Қарағанды педагогикалық институтын «дене тәрбиесі» мамандығы бойынша бітірген. 2011 жылы академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетін «Мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару» мамандығы бойынша бітірген.

    1985 жылдан 1987 жылға дейін Кеңес әскерінің қарулы күштері қатарында қызмет етті.

    1990 жылдан 2001 жылға дейін Қарағанды облысының «самбо» күресінен жаттықтырушы, аға жаттықтырушы болып жұмыс істеді. 2001 жылдан 2003 жылға дейін «Жас сұңқар» спорт мектебінің директоры. 2003 жылдан 2008 жылға дейін облыстық спорт және туризм басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. 2008 жылдан 2011 жылға дейін облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы болып жұмыс істеді. 2011 жылдан 2015 жылға дейін «Шахтер» футбол клубының атқарушы директоры болып жұмыс істеді.

    2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Әлия Молдағұлова атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» КММ басшысы, Қарағанды облысы бойынша жекпе-жек өнері қауымдастығының басшысы.

    2021 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың мамырына дейін VII сайланған Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты болып сайландым (2021-2025 жылдар). 2022 жылдың маусымынан 2023 жылдың қаңтарына дейін Ұлытау облыстық мәслихатының депутаты болды.

    2006 жылы самбодан «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағы берілді. 2013 жылы «Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері» атағымен, 2008 жылы «10 жыл Астана», 2011 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» және 2016 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

    «Amanat» партиясының мүшесі.

    Үйленген, бес баласы бар.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері