Ескалиева Алтынай Тукеновна

    Қарағанды ​​облыстық мәслихатының депутаты

    Ескалиева Алтынай Тукеновна
    Қызметкерлер

    Ескалиева Алтынай Тукеновна

    Қарағанды ​​облыстық мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    1967 жылы 31 шілдеде Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Шобанкөл кентінде дүниеге келдім. Қазақпын. Білімім жоғары.

    1991 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірдім.

    2006 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін қаржы бакалавры мамандығы бойынша бітірдім.

    2012 жылы «Қаржы академиясы» АҚ бітіріп, менеджмент мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесін алдым.

    2008 жылы Томск қаласында (Ресей) «Психикалық денсаулық» ҒЗИ кандидаттық диссертациясын қорғадым.

    Ресей Федерациясының медицина ғылымдарының кандидатымын. ҚР БҒМ-де дипломды нострификациядан өткіздім. Қазақстан Республикасының медицина ғылымдарының кандидаты

    1993-1997 жылдары еңбек жолымды Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қ. Аманжолов атындағы совхозда терапевт дәрігері ретінде бастадым.

    1997 жылдан бастап 2001 жылға дейін Әулиекөл аудандық орталық ауруханасында анестезиолог-реаниматолог дәрігер болып жұмыс істедім.

    2001 жылдан бастап Қарағанды қаласының Облыстық медициналық орталығында анестезиолог-реаниматолог дәрігер болып жұмыс істедім.

    2002 жылдан бастап 2009 жылға дейін Қарағанды облыстық наркологиялық орталығында директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істедім.

    2009-2011 жылдар аралығында Қарағанды облысы, Саран қаласындағы «Облыстық мамандандырылған емдеу профилактикалық мекемесі» КМҚК директоры болып жұмыс істедім.

    2011 жылы ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің «Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік мәселелерінің республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК директоры болып тағайындалдым және 2015 жылға дейін жұмыс істедім.

    2015 жылдан бастап Қарағанды облысының ДСБ «Теміртау қаласының № 4 емханасы» КМК директоры болып жұмыс істеймін.

    «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісімен марапатталғанмын.

    АМАNАТ партиясынан Теміртау қалалық мәслихатының VII шақырылымының депутатымын (2021-2025 жылдары).

    «AMANAT» партиясының мүшесімін

    Жесірмін. Менің ұлым мен қызым, төрт немерем бар.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері