
Нұрқазов Ойрат Серікұлы
Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық және экологияжөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі
1981 жылы 24 шілдеде Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қазақ. Екі жоғары білімі бар. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген (2002 жылы) «құқықтану» мамандығы бойынша және 2012 жылы «Қазтұтынуодағы» Қарағанды экономикалық университетін «экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2002 жылы Қазыбек би аудандық прокуратурасында бөлім прокуроры қызметінен бастаған. 2005 жылдан 2011 жылға дейін жеке коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді. 2011 жылы – «Қарағанды облысы бойынша бокс федерациясы» ҚБ президенті. 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін –«Бахус-Автоорталығы компаниясы» ЖШС Бас директоры.
VI шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты.
Көптеген Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталған. «Үздік депутат» медалімен (2020 жыл) марапатталған.
Бокстан Қазақстан Республикасының спорт шебері. Бокстан Азия чемпионатының жүлдегері.
«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің, «Қазақстан спортшылар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі қамқоршылық кеңесінің мүшесі.
«Ақ жол» партиясының мүшесі.
Үйленген, үш баласы - бір ұлы және екі қызы бар.




