
Дюсенбаев Ғабдолла Болатұлы
Әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі
Өмірбаян
1982 жылы 8 қаңтарда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар (2003 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «тарих» мамандығы бойынша, 2006 жылы «Болашақ» өзекті білім беру институтын «экономика» мамандығы бойынша, 2009 жылы Қазақстан-Ресей университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
10 жылдан астам уақыттан бері адвокат және «КӨМЕК» адвокаттық кеңсесінің басшысы, кәсіби медиатор, «Атамекен» БПҰ төрағасы. 2018 жылы Қарағанды облысы дзюдо федерациясының Вице-президенті болып сайланды. Кәсіпкерлік қызметпен (құрылыс, көліктік тасымалдау) айналысады. «Almaty bus service» ЖШС директоры.
Ғабдолла Болатұлы меценат, бірнеше жыл бойы қайырымдылықпен кеңінен айналысып келеді. Осы қызмет аясында мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді. Ғабдолла Болатұлының қамқорлығында Қарағанды қаласының дамуы тежелген балалар үйі мен балаларға арналған мектеп бар.
Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Абай, Шахтинск, Саран қалаларында 7 StreetWorkOut спорт алаңын салды.
Мерейтойлық медальдармен марапатталған.
«Nur Otan» партиясының мүшесі, «Nur Otan» партиясының Қарағанды облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы.
Үйленген, төрт баласы бар.




