
Экзеков Дулат Турсунович
Өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық және жер мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі
Өмірбаян
1974 жылы 30 маусымда Қарағанды облысы Молодежный ауданы Дальнее ауылында туған. Қазақ. Үш жоғары білімі бар. 1996 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша, 2006 жылы заңтану мамандығы бойынша және 2017 жылы «Су ресурстары және суды пайдалану мамандығы бойынша М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін оқып бітірген.
Еңбек жолын 1991 жылы «Ертіс-Қарағанды» каналы мекемесінде СЕЖДЦ ҚАПБ пайдалану жөніндегі токарь болып бастады. Содан соң 12 жылдан астам уақыт ауыл шаруашылығымен шұғылданды – «Талап» және «Сарыарқа» шаруа қожалықтарын басқарды. 1996 және 1997 жылдары Қарағанды облысы Молодежный ауданының Салық бөлімінде салық инспекторы, аға салық инспекторы болып жұмыс істеді. 1998-1999 жылдары «СельЭнерго» АООТ мекемесі директорының экономика жөніндегі орынбасары жұмысын атқарды.
12 жылдан астам уақыттан бері Қ.Сәтбаев атындағы каналда қызмет етеді, 2010 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Қазсушар» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Қ. Сәтбаев атындағы канал» филиалы Қарағанды пайдалану басқармасының бастығы.
Осакаров аудандық мәслихатының төртінші шақырылымының депутаты (2007).
Қарағанды облыстық мәслихатының VI және VIІ шақырылымының депутаты.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған (2016ж.), «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» құрметті депутаты (2020ж.) Бірнеше рет «НұрОтан» партиясының, Қарағанды облысы әкімінің және өзінің жұмыс саласында Құрмет грамоталарымен марапатталған.
«Nur Otan» партиясының мүшесі.
Үйленген, үш баласы бар.




