
Оразбеков Асқар Бегалыұлы
Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
1988 жылы 26 маусым Мәскеу қаласында дүниеге келген. Кейін Астана қаласында №5 лингвистикалық гимназиясында 1995-2006 жылдар аралығында білім алған. ШОС бағдарламасы бойынша 2008 жылы Қытайдың Шанхай қаласында орналасқан East China University of Science and Technology (2008-2012ж) оқу ордасына «Халықаралық экономика және сауда» мамандығы бойынша грантқа түседі.
2012 жылы сол оқу орнында «Халықаралық экономика және сауда» мамандығы бойынша магистратураға түсіп, 2012-2014 жылдар аралығында білім алады.
Жұмыс тәжірибесі: 2010 жылы сәуір – тамыз айлары аралығында Қытай елінің Шанхай қаласында өткен ЭКСПО-да Персонал жөніндегі бас менеджер» қызметін атқарады. 2012 жылы сәуір – тамыз айлары аралығында Оңтүстік Корея мемлекетінің Ёсу қаласында өткен ЭКСПО-да Персонал жөніндегі бас менеджер болды.
2014 жылдың шілдесінен 2016 жылдың ақпанына дейін Shanghai Silkway Pty.Ltd. жұмыс орнында директор қызметін атқарады.
2016 жылдың ақпанынан қазіргі уақытқа дейін Forever Flourishing Middle Asia Pty.Ltd. кәсіпорнында қызмет етеді, компанияның негізін қалаушы.
Қазақ тілінде еркін сөйлейді (туған тілі), орыс тілінде – еркін, ағылшын тілінде – Advanced, қытай тілінде – еркін.




