1961 жылы 21 шілдеде Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қазақ. Білімі жоғары. 1983 жылы Мәскеу автомобиль-жол институтын үздік бітірді. Техника ғылымдарының докторы, профессор.

Еңбек жолын Қарағанды политехникалық институтынан бастады, онда аға инженер, кіші ғылыми қызметкер, тағылымгер-зерттеуші лауазымдарында жұмыс істеді. 1991 жылдан 2012 жылға дейін Қарағанды политехникалық институтында (бұдан әрі – Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті) ассистент, аға оқытушы, доцент, профессор, оқытушылар мен қызметкерлердің кәсіподақ комитетінің төрағасы, кафедра меңгерушісі, жол-көлік факультетінің деканы, оқу жұмысы жөніндегі проректор, бірінші проректор лауазымдарында жұмыс істеді. 2012-2016 жылдары Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ректоры. 2016 жылдың желтоқсан айында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры, 2020 жылдың 30 қарашасынан бастап «Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ Басқарма Төрағасы-Ректоры болып тағайындалды.

Докторлық және кандидаттық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестердің мүшесі болды. Қазақ Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік академиясының академигі, Тау-кен ғылымдары академиясының шетелдік мүшесі (РФ), барлық әлемдік компаниялар мойындайтын «тау-кен инженері» біліктілігін беру бойынша ЮНЕСКО аясында тау-кен-техникалық білім берудегі халықаралық құзыреттер орталығының сараптамалық кеңесінің мүшесі (Санкт-Петербург Тау-кен университетінің базасында, РФ).

430-дан астам ғылыми-әдістемелік еңбек, оның ішінде 26 монография, 11 оқулық және 34 оқу құралы жарық көрді, 38 патент пен зияткерлік меншік куәлігінің иегері.

Бранденбург техникалық университетінің электрондық оқыту технологиясы мамандығы бойынша дәріс алып (Германия), Халықаралық бизнес академиясының базасында «Қазіргі заманғы ЖОО-нын басқару стратегиясы» курсы бойынша (ҚР), Пенсильвания университеті базасында (АҚШ) «Автономия жағдайында ЖОО-ларды корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелері» курсы бойынша, Назарбаев Университеті (ҚР) және Калифорния Университеті (АҚШ) базасында ҚР жоғары оқу орындары басшыларының біліктілігін арттыру сертификаттарына ие болды.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлаудың төрт бағыты бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық Оқу-әдістемелік Бірлестігінің төрағасы, «Университет еңбектері» және «Автоматика және информатика» республикалық журналдарының бас редакторы болып табылады.

«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «10 жыл Астана», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Астана 20 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» және «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хаттармен (2015 ж., 2016 ж., 2021 ж.), Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Алғыс хатымен (2019 ж.), «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Нұр Отан» ХДП «Белсенді қызметі үшін», «ҚарМТУ-дың еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгілерімен және ҚР жоғары оқу орындары қауымдастығының «А. Байтұрсынов атындағы» алтын медалімен марапатталды.

2020 жылы Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағына ие болды.

Қарағанды облыстық мәслихатының VI және VII шақырылымдарының депутаты.

«Nur Otan» Партиясының мүшесі.

Үйленген, 3 баласы бар.