
Биржанов Кайрат Капарович
Депутаттық өкілеттік, этика , заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі
Өмірбаян
1961 жылы 24 тамызда Солтүстік-Қазақстан облысы, Октябрь ауданы, Марьевка ауылында дүниеге келген. Қазақ. Білімі-жоғары. 1988 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін «құқықтану» мамандығы бойынша бітіріп, «заңгер» біліктілігін алды. Заң ғылымдарының кандидаты, «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ Қарағанды филиалының мүшесі.
1980 жылы «техник-механик» мамандығы бойынша Көкшетау ауылшаруашылық техникумын бітіріп өз еңбек жолын Көкшетау облысы Куйбышев ауданы «Рузаевский» совхозында тракторшы болып бастаған. Сол жылы әскер қатарына шақырылып, милицияның арнайы мотоатқыштар бөлімінде атқыш – патрульдеуші болып қызмет етті.
1983 жылы ҚР Куйбышев БЛКЖО жолдамасы бойынша Көкшетау облысы ІІБ Куйбышев АІІБ милиционері қызметіне жіберілді.
1988 жылғы тамызда Қарағанды облысы ІІБ Шахтинск ҚІІБ ҚІБ жедел уәкілі, одан кейін аға жедел уәкілі, одан кейін Шаханский ПБ бастығы, Шахтинск ҚІІБ әкімшілік қызметінің бастығы болып тағайындалды.
1996 жылдан бастап Қарағанды облысы бойынша МТКБ Шахтинск қаласы бойынша МТКБ-ға мүліктік қылмыстармен күрес және іздестіру жұмысы бөлімінің бастығы лауазымына ауыстырылды.
1997 жылғы ақпанда Шахтинск қаласы бойынша МТКБ бастығының орынбасары, одан әрі Шахтинск ҚІІБ қылмыстық іздестіру бастығының орынбасары болып тағайындалды.
1998 жылдың қаңтар айында Қарағанды қ. ІІБ Қарағанды қ. ІІБ ҚІБ автокөлігіне қол сұғушылықпен күрес бөлімінің бастығы болып ауыстырылды.
1998 жылдың мамыр айында Қарағанды қ. ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімі бастығының орынбасары болып тағайындалды.
1999 жылдың желтоқсанында ҚР ІІМ Қарағанды заң институтына «жедел-іздестіру қызметі» кафедрасының аға оқытушысы лауазымына ауыстырылды.
2005 жылғы сәуірде тәжірибе, практикалық және педагогикалық өтілін есепке ала отырып, күндізгі оқу факультеті бастығының орынбасары болып тағайындалды, онда 2010 жылғы 12 қарашаға дейін «полиция полковнигі» арнаулы атағында отставкаға шыққанға дейін жұмыс істеді.
2010 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Орталық Қазақстан Академиясында жұмыс істейді, қазіргі уақытта қылмыстық құқық және процесс кафедрасының доценті.
2016 жылы ғылыми дәреже алу үшін диссертация қорғады – заң ғылымдарының кандидаты.
«Қазақстан Халық партиясы» партиясының мүшесі.
Үйленген. Екі баласы бар.




