
Магзумов Арыстан Ғазизұлы
Әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі
Өмірбаян
1973 жылы 25 мамырда Қарағанды облысында дүниеге келген. Қазақ. 1990 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтына түсіп, 1996 жылы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша оқуын аяқтады. Медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер-кардиохирург, бірінші санатты денсаулық сақтау ұйымдастырушысы.
Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының «емдеу ісі» факультетін бітіргеннен кейін Қарағанды қаласының Облыстық клиникалық ауруханасында дәрігер-хирург болып жұмыс істей бастады.
1997 жылдан бастап облыстық клиникалық аурухананың микрохирург-дәрігері лауазымына ауыстырылды;
2005 жылдан бастап Қарағанды қ. профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы клиникада директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды;
2006 жылы «МОДССХ» КМҚК кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, одан әрі 2007 жылы «Облыстық кардиохирургия орталығы» КМҚК болып қайта аталды, қазіргі уақытта «Қарағанды қаласының №2 көпсалалы ауруханасы» КМК, онда 2012 жылғы 19 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін директор болып жұмыс істейді.
Кардиохирургия мамандығы бойынша жақын және алыс шет елдердегі (Ресей, Польша, Батыс Еуропа) клиникаларда мамандандырудан өтті.
«Ерен еңбегі үшін» (2015 жыл); «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін»; «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016ж.) медальдарымен, ҚР Парламенті Сенатының Алғыс хатымен-2019ж., «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» (2020ж.) медалімен марапатталған.
Мағзұмов Арыстан Ғазизұлы Қазақстанда аорто-коронарлық шунттау операциясын жүргізген алғашқы кардиохирургтардың бірі болып табылады. Кардиохирургия саласындағы барлық жаңа әзірлемелерді тәжірибеде тамаша қолданады.
Партияның сайлауалды бағдарламасының «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша аймақтық партиялық куратор болды.
Облыстық мәслихаттың VI және VII шақырылымдарының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі.
«Nur Otan» партиясының мүшесі.
Үйленген, ұл тәрбиелеп отыр.




