Буслаев Евгений Михайлович

    Қарағанды ​​облыстық мәслихатының депутаты

    Буслаев Евгений Михайлович
    Қызметкерлер

    Буслаев Евгений Михайлович

    Қарағанды ​​облыстық мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    1973 жылы 7 тамызда Шахтинск қаласында дүниеге келген.

    1990 жылы Шахтинск қаласының №6 орта мектебін бітірген. 1990-1995 жылдары Қарағанды политехникалық институтында оқыды. Институтты тау-кен өнеркәсібі салаларында экономика және басқару мамандығы бойынша бітіріп, тау-кен инженері - экономист біліктілігін алды.

    2016 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді, құқық бакалавры дәрежесі бар.

    Еңбек жолын 1995 жылдың шілдесінен В. И. Ленин атындағы шахтада жерасты тау-кен нормалаушысы ретінде бастады.

    Осы лауазымда 2006 жылға дейін жұмыс істеді.

    2006 жылдың қарашасынан 2020 жылдың маусымына дейін шахта кәсіподақ комитетінің төрағасы болып қызмет атқарды.

    2020 жылдың маусым айынан бастап «Қорғау» көмір өндірушілер кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып істейді.

    Шахтинск қалалық мәслихатының 4-ші (2007-2011 жж.) және 7-ші (2021-2023 жж.) шақырылымдарының депутаты, бюджеттік саясат және өңірдің экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болды.

    2022 жылдан бастап Қарағанды облысының Қоғамдық кеңесінің мүшесі.

    Үйленген, бір ұлы бар.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері