Шиллер Марина Васильевна

    Депутаттық өкілеттік, этика, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі

    Шиллер Марина Васильевна
    Депутат маслихата

    Шиллер Марина Васильевна

    Депутаттық өкілеттік, этика, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі

    Өмірбаян

    1980 жылы 4 мамырда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Орыс. Білімі жоғары.

    2006 жылы «Лингва» тіл және аударма институтын бітірді. 2008 жылы-«Қазтұтынуодағы» Қарағанды экономикалық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірді.

    Еңбек жолын 2004 жылы «Наурыз Банк Қазақстан» ААҚ Қарағанды облыстық филиалында менеджер болып бастады. Жеке құрылымдарда жұмыс істеді. 2018 жылы Атамекен ӨКП Іскер әйелдер кеңесін басқарды. Теміртау қаласында қазіргі уақытта осы кеңестің төраға болып жұмыс істейді.

    Оқытушылық қызметпен белсенді айналысады - Қарағанды қаласының коммерциялық колледжінде шақырылған оқытушы және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды филиалында шақырылған лектор. «Про бизнес Оқу орталығы» ЖШС Оқу орталығының басшысы.

    Белсенді қоғамдық және азаматтық ұстанымға ие. Қазақстан халқы Ассамблеясымен әлеуметтік кәсіпкерлік және медиация бағытында ынтымақтасады. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен волонтерлерді жаттықтырушы ретінде оқытып, стартапжобалар бойынша Аstana Hub-пен ынтымақтастық орнатты.

    «Ақ жол» партиясының мүшесі.

    Тұрмыста, ұл мен қыз тәрбиелеп отыр.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері