
Турмухамбетова Анар Акылбековна
Әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі
Өмірбаян
1969 жылы 18 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ. 1986 жылдан 1992 жылға дейін Қарағанды Мемлекеттік медицина институтында оқыды. Медицина ғылымдарының докторы.
1992 жылдан 2000 жылға дейін Қарағанды мемлекеттік медицина институтының №2 ішкі аурулар кафедрасының клиникалық ординаторы, ассистенті. 2000 жылдан 2002 жылға дейін Қарағанды қаласының №2 қалалық емханасының ультрадыбыстық және функционалдық диагностика дәрігері.
2002 жылдан 2008 жылға дейін Астана қаласындағы Қазақ мемлекеттік медицина академиясының сәулелік диагностика кафедрасының меңгерушісі. 2008 жылдан 2010 жылға дейін Астана қаласындағы Республикалық диагностикалық орталықтың сәулелік диагностика және ядролық медицина бөлімінің меңгерушісі. 2010 жылдан 2012 жылға дейін Астана қаласындағы травматология және ортопедия ҒЗИ ғылыми хатшысы. 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды медицина университетінің стратегиялық жоспарлау және ғылым жөніндегі проректоры.
«"Қазақстан Республикасы денсаулық ісінің үздігі» төсбелгісімен (2007 ж), «Қазақстан Республикасы Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен (2014 ж), ҚР Құрмет грамотасымен (2016 ж.), «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен (2020ж.) марапатталған.
Белсенді қоғамдық және азаматтық ұстанымға ие.
«Ауыл» партиясының мүшесі.
Тұрмыста, ұл тәрбиелеп отыр.




