Абильдин Ермек Толеуулы

    өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық және жер мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі

    Абильдин Ермек Толеуулы
    Депутат маслихата

    Абильдин Ермек Толеуулы

    өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық және жер мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі

    Өмірбаян

    өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық және жер мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі

    1980 жылы 21 қарашада Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылында дүниеге келген. Қазақ. Екі жоғары білімі бар. 2002 жылы Қазақстан экономика және құқық институтын «құқықтану» мамандығы бойынша, 2015 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «экономика» мамандығы бойынша, 2015 жылы Қарағанды «Болашақ» өзекті білім беру университетін заң ғылымдарының магистрі мамандығы бойынша бітірген.

    2002-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында қызмет атқарды.

    Еңбек жолын 2003 жылы «Инсар» ЖШС тас қалаушы болып бастады. Содан кейін «Орталық Азия жеке кәсіпкерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінде заңгер болып жұмыс істеді. 2012 жылдан бастап – «Атамекен Одағы» Қазақстан Ұлттық Экономикалық палатасының Қарағанды облысындағы филиалы директорының орынбасары, 2013 жылы – «Қазақстандық кәсіпкерлер қауымдастығы» заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер бірлестігінің директоры, 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Қарағанды облысының азаматтық кеңесі» қоғамдық бірлестігінің президенті, Бірыңғай қызмет көрсету орталығы - заң консультанттары палатасының төрағасы болып табылады. «Қазақстандық кәсіпкерлер және сервистік қызметтер қауымдастығы» заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер бірлестігінің президенті.

    2020 жылы «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталған.

    «Ақ жол» партиясының мүшесі, Қарағанды облыстық филиалының басшысы.

    Үйленген, бес баласы - екі ұлы және үш қызы бар.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері