
Исекеев Мәди Сымбатұлы
Бюджет және жергілікті басқару мен өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі
Өмірбаян
1988 жылы 27 сәуірде Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылында дүниеге келген. Қазақ. Білімі жоғары.
Жоғары экономика мектебі - Ұлттық зерттеу институтын 2010 жылы бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы «Фитохимия» ХҒӨХ» АҚ зияткерлік меншік жөніндегі менеджер ретінде бастады, содан кейін 2012-2015 жылдары «Kaznex Invest» ҰК» АҚ экспортты жылжыту қызметінің бас менеджері, 2015 жылдан 2016 жылға дейін «Атамекен» ҰКП ҚБ - өнеркәсіптік және инвестициялық саясат департаментінің сарапшысы, 2016 жылдан 2019 жылға дейін – «Сарыарқа» ӘКК» АҚ, инвесторларға қызмет көрсету орталығының бас менеджері, қазіргі уақытта – «Kazakh Invest» ҰК» АҚ өңірлік директоры болып жұмыс істейді.
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының мүшесі.
Үйленген. Екі қыз тәрбиелеп отыр.




