Тукбаева Айман Бекбулатқызы

    Әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі

    Тукбаева Айман Бекбулатқызы
    Депутат маслихата

    Тукбаева Айман Бекбулатқызы

    Әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі

    Өмірбаян

    1956 жылы 30 мамырда Қарағанды облысының Балқаш қаласында туған. Қазақ. Білімі жоғары, Украинаның Черкасск педагогикалық институтының филология факультетін «Орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.

    1977-1979 жж. – Озерный орта мектебі, орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі, оқу және тәрбие жұмысы бойынша мектеп директорының орынбасары; 1979-1982 жж. – Приозерск аудандық комсомол комитетінің хатшысы; 1982-1983 жж. – Приозерск аудандық партия комитеті ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы; 1983-1985 жж. – Приозерск аудандық партия комитеті жалпы бөлімінің меңгерушісі; 1985-1987 жж. – Алматы жоғары партия мектебінің тыңдаушысы; 1987-1991 жж. – Приозерск аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі; 1991-1992 жж. – Приозерск аудандық білім бөлімінің меңгерушісі; 1992 жылдан осы уақытқа дейін – Ақтоғай ауданы «Шашубай кентіндегі мектеп-бөбекжай» кешені» (мектеп жанындағы интернатымен) базасындағы «Тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ-нің директоры.

    А.Б. Түкбаева ҚР Үкіметінің жанындағы 12 жылдық білім беруге көшу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, халықаралық, республикалық білім беру және ғылыми форумдары мен съездеріне үнемі қатысып тұрады.

    Облыстық мәслихаттың төрт шақырылымының депутаты, 2021 жылы Қарағанды облыстық мәслихатындағы «Нұр Отан» депутаттық фракциясының төрайымы болып сайланды.

    А.Б.Түкбаева көптеген республикалық және халықаралық форумдардың: ҚР ұстаздарының ІІІ съезі, ТМД елдері білім қызметкерлерінің І съезі, «Нұр Отан» партиясының XII, XІІІ, XIV, ХV сьездері, Қазақстан әйелдерінің І съезі, «Қанатты әйел» Республикалық Ұлттық идеялар мен тауарлар жәрмеңкесінің қатысушысы. А.Б.Түкбаева портреті еліміздің Тұңғыш Президенті мұражайы Қазақстанның 100 үздік әйелдері фотоэкспозициясына, 2010 жылы А.Б. Түкбаева туралы очерк «Қазақстанның үздік адамдары» энциклопедиясына енді. 2013 жылы облыстық «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» патриоттар форумының жүлдегері атанды. «Nur Otan» партиясының 50 тұлғасы» партиялық байқауының жеңімпазы.

    «Құрмет» орденімен (2017 ж); «Ерен еңбегі үшін» (2007ж.) медальдарымен, аудандық білім бөлімдерінің, Тоқырауын және Ақтоғай аудандары әкімдерінің грамоталарымен, Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған. «ҚР Білім беру ісінің үздігі» (1997ж.), «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2006ж.), «Ерен еңбегi үшiн» (2007ж.), «Ы.Алтынсарин» (2008ж.), «10 жыл Астана» (2008ж.), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001ж.) белгілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияның Алғыс хатына және дипломына (2005ж.) ие болды. 2006 жылы Қазақстанның 100 үздік әйелдерінің құрамына кірді. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011ж.), «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл», Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Құрмет грамотасы (2014ж.), «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» (2015ж.), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016ж.), «Астана 20 жыл» (2018ж.), «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалі» (2019ж.), Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хаты (2019ж.), «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» (2020ж.) марапаттарының иегері.

    «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

    Тұрмыста, қызы бар.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері