Штергер Жанна Филипповна

    Депутаттық өкілеттік, этика, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы

    Штергер Жанна Филипповна
    Депутат маслихата

    Штергер Жанна Филипповна

    Депутаттық өкілеттік, этика, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы

    Өмірбаян

    1969 жылы 6 қарашада Көкшетау қаласында туған. Неміс. Екі жоғары білімі бар. 1993 Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша, 2007 жылы Қарағанды экономикалық университетін экономика бакалавры мамандығы бойынша оқып бітірген. 2014 жылы - Манчестер бизнес мектебі, ICA Compliance халықаралық дипломын алды. Заңгер, қаржы бакалавры, Compliance-офицер.

    Прокуратура органдарында 20 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Еңбек жолын Шахтинск қаласының прокуратурасында бастады, 1993 жылдың қыркүйегінен 1995 жылдың ақпанына дейін Шахтинск қаласы прокуратурасының тергеушісі, содан кейін аға тергеушісі болып жұмыс істеді. 1995 жылы Қарағанды облысының прокуратурасына басқарманың аға прокуроры болып ауыстырылды. 2002 жылдың сәуірінен 2013 жылдың наурызына дейін 11 жыл бойы Қарағанды облысының басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы, прокуратура аппаратының басшысы лауазымдарын атқарды. Отставкадағы әділет кеңесшісі.

    2013 жылдың сәуір айынан бастап «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жұмыс істейді. Қазіргі уақытта заң қызметі департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты құқықтық сүйемелдеу бөлімін басқарады.

    Мемлекеттік, ведомстволық және мерейтойлық марапаттары бар: «Қазақстан Конституциясына 25 жыл»-2020 жыл; «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл»; «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасы, 1-дәрежелі «Прокуратура озаты» төсбелгісі, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Құрмет грамотасы.

    «Nur Otan» партиясының мүшесі. «Nur Otan» партиясының Қарағанды облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы.

    Тұрмыста.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері