Қызметкерлер — Жамбыл облысының мәслихаты

    Жамбыл облысының мәслихаты басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    5
    Нұралиев Абдалы Тоқбергенұлы
    Мәслихатының төрағасы

    Нұралиев Абдалы Тоқбергенұлы

    Жамбыл облыстық мәслихатының төрағасы

    1959 жылы Жамбыл облысы, Свердлов ауданы (Байзақ ауданы), Жаңасаз ауылында дүниеге келген. 1981 жылы Жамбыл технологиялық институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты. Марапаттары: «Құрмет»(1999) және «Парасат»(2021) ордендері, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл», «Астана қаласына 10 жыл» мерекелік медальдары және «Ауыл шарушылығы саласының үздігі» төсбелгісі. Жамбыл облысы Жуалы, Жамбыл, Байзақ аудандарының құрметті азаматы.

    Жүнісова Фарида Амансарықызы
    Төраға

    Жүнісова Фарида Амансарықызы

    Экономика, бюджет, салық және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы төрайымы

    1969 жылы 23 маусымда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайлау көл ауылында дүниеге келген. 1989 жылы Жамбыл есеп-статистикалық техникумын "өнеркәсіп бухгалтері"мамандығы бойынша бітірді. 2006 жылы Павлодар Мемлекеттік Университетін "Бухгалтерлік есеп және аудит"мамандығы бойынша бітірген. 2010 жылы «Қазақстанның құс өсіру саласының құрметті жұмысшысы» салалық белгісі. 2014 жылы «Сала көшбасшысы» дипломына, «Қазақстан даңқы» ордені. 2016 жылы «Үздік адамдар» энциклопедиясы құрмет белгісі. 2018 жылы Жамбыл облысы әкімінің «Өңірдің дамуына сіңірген еңбегі үшін» ордені. Ауыл шаруашылығы министрінің Құрмет грамотасы. Құс өсірушілер одағының «Салаға адалдығы үшін» медалі. 2021 жылы Президент Жарлығымен «Құрмет» ордені. 2019 жылы «Жыл меценаты» атандым.

    Шалқарбеков Мұханбеталы Жеңісұлы
    Төраға

    Шалқарбеков Мұханбеталы Жеңісұлы

    Кәсіпкерлікті, өнеркәсіпті, құрылысты, көлікті және коммуналдық саланы дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы

    1969 жылы Жамбыл облысы, Шу ауданы, Бірлікүстем ауылында дүниеге келген. 2000 жылы Д.А. Қонаев атындағы гуманитарлық университетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша аяқтаған. "Құрмет" орденімен, Жамбыл облысының "Облысқа сіңген еңбегі үшін" медалімен марапатталған, Шу ауданының Құрметті азаматы.

    Абдукасымов Даурен Рахымұлы
    Аппарат басшысы

    Абдукасымов Даурен Рахымұлы

    Жамбыл облыстық мәслихаты аппаратының басшысы

    Абдукасымов Даурен Рахимович еңбек жолын Меркі ауданы әкімиятынан бастаған. 2005 – 2008 жылдары аталған мекеменің бөлімдерінде жетекші маман, бас маман, бас инспектор қызметтерін атқарған. 2009-2012 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратында бас инспектор, облыс әкімінің көмекшісі қызметтерін атқарған. 2012-2014 жылдары Қордай ауданы әкімінің аппарат басшысы лауазымын атқарған. 2015 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет өткеру бөлімінің консультанты қызметін атқарған. 2015-2017 жылдар аралығында Қаратау қаласы әкімінің орынбасары, Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарған. 2017-2020 жылдары «Тарлан батырлары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас заңгері. 2020-2024 жылдар аралығында Тараз қаласы әкімі аппаратының басшысы, Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, Тараз қаласы әкімінің көмекшісі лауазымдарын атқарған.

    Тұрлықұлова Мағрипа Мырзакерімқызы
    Аппарат басшысының орынбасары

    Тұрлықұлова Мағрипа Мырзакерімқызы

    Аппарат басшысының орынбасары

    Тұрлықұлова Мағрипа Мырзакерімқызы Туған күні: 5 қазан 1972 жыл Место рождения: Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Күреңбел ауылы, Школьная к-сі №127 үй/Жамбылская область, Жуалынский район, с.Куренбел, ул.Школьная, 127 Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы : 1993 жыл - Жамбыл педагогика институты 2004 жыл - М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті/ 1993 год - Джамбулский педагогический институт 2004 год -Таразский государственный университет имени М.Х.Дулати

    Басқа қызметкерлер

    66
    Ескендіров Мұқаш Зұлқарнайұлы
    Төраға

    Ескендіров Мұқаш Зұлқарнайұлы

    Жамбыл облыстық мәслихатының экономика, бюджет, салық және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы

    Жамбыл облыстық мәслихатының тұрақты негізде жұмыс істейтін комиссиясы төрағасы Туған жылы: 07.11.1960 жыл Білімі: 1982 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын тамамдады Жамбыл облыстық мәслихатының экономика, бюджет, салық және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы 5,6,7 шақырылымдар депутаты "Аманат" партиясынан сайланған

    Өнетаев Жарылқасын Жұмаділұлы
    Бас инспектор

    Өнетаев Жарылқасын Жұмаділұлы

    "Жамбыл облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас инспекторы

    2003 жылдары Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

    УМАРОВ Гулам Мұхтарұлы
    Төраға

    УМАРОВ Гулам Мұхтарұлы

    Құқықтық тәртіп, әлеуметтік-мәдени салалар, гендерлік саясат және қоғамдық ұйымдармен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы

    Соңғы лауазымы: "Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Жамбыл облыстық қан орталығы"ШЖҚ МКК директоры Туған күні: 03.04.1975 Туған жері: ҚазССР; Жамбыл облысы; Жамбыл қаласы Тілдерді білуі: * Қазақ, орыс Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары: * Целиноград мемлекеттік медицина институты (1998) * БСМП, интернатура, Тараз қ. * Біліктілікті арттыру:" СӨС қалыптастыруға ҮЕҰ мен кәсіби қауымдастықтардың қатысуы", Солтүстік Каролина, АҚШ (2008)

    Календеров Сеит Серикович
    Бас инспектор

    Календеров Сеит Серикович

    "Жамбыл облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас инспекторы

    Вагон шаруашылығы департаменті "ҚТЖ" ҰК ЖАҚ филиалының Жамбыл станциясы №27 вагон пайдалану депосының Жамбыл станциясы 2-разрядты ТҚҰ жылжымалы құрамын жөндеу слесарі, Жамбыл қаласы / слесарь по ремонту подвижного состава 2 разряда ПТО ст. Джамбул эксплуатационного вагонного депо №27 ст. Джамбул филиала ЗАО НК "КТЖ" департамента вагонного хозяйства, город Джамбул Жамбыл облысы әкімінің білім басқармасының әдістемелік кабинетінің әдіскері, Тараз қаласы / методист методического кабинета управления образования акима Жамбылской области, город Тараз Жамбыл облысы әкімиятының білім беру департаментінің облысытық педагог кадрлардың білімін жетілдіру және қайта даярлау институтының әдіскері, Тараз қаласы / методист областного института повышения квалификации и переподготовки педагогических кадров департамента образования акимата Жамбылской области, город Тараз уақытша жұмыссыз, Тараз қаласы / временно безработный, город Тараз "Жамбыл Рем Сервис" ЖШС доңғалақ-роликті цехының 4 разрядты жылжымалы құрамын жөндеу слесарі, Тараз қаласы / слесарь по ремонту подвижного состава 4 разряда колесно-роликового цеха ТОО "Жамбыл Рем Сервис", город Тараз әскери қызмет, ә/б 30212 / служба в армии, в/ч 30212 уақытша жұмыссыз, Тараз қаласы / временно безработный, город Тараз "Жамбыл Рем Сервис" ЖШС доңғалақ-роликті цехының 4 разрядты жылжымалы құрамын жөндеу слесарі, Тараз қаласы / слесарь по ремонту подвижного состава 4 разряда колесно-роликового цеха ТОО "Жамбыл Рем Сервис", город Тараз Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті әлеуметтік қорғау, мәдениет, тілдерді дамыту, ішкі саясат, мұрағаттар және құжаттама мекемелерінің шығыстарын жоспарлау бөлімінің жетекші маманының м.а., Тараз қаласы / и.о. ведущего специалиста отдела планирования расходов учреждений социальной защиты, культуры, развития языков, внуттренней политики, архивов и документации департамента экономики и бюджетного планирования акимата Жамбылской области, город Тараз Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті әлеуметтік қорғау, мәдениет, тілдерді дамыту, ішкі саясат, мұрағаттар және құжаттама мекемелерінің шығыстарын жоспарлау бөлімінің жетекші маманы, Тараз қаласы / ведущий специалист отдела планирования расходов учреждений социальной защиты, культуры, развития языков, внуттренней политики, архивов и документации департамента экономики и бюджетного планирования акимата Жамбылской области, город Тараз Жамбыл облысы әкімиятының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы әлеуметтік сала мекемелерінің шығыстарын жоспарлау бөлімінің бас маманы, Тараз қаласы / главный специалист отдела планирования расходов учреждений социальной сферы управления экономики и бюджетного планирования акимата Жамбылской области, город Тараз Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы әлеуметтік сала шығыстарын жоспарлау бөлімінің бас маманы, Тараз қаласы / главный специалист отдела планирования расходов социальной сферы управления экономики и бюджетного планирования акимата Жамбылской области, город Тараз Жамбыл облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы, Тараз қаласы / главный инспектор акима области в организационно-инспекторском отделе аппарата акима Жамбылской области, город Тараз Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары, Тараз қаласы / заместитель руководителя отдела внутренней политики акимата города Тараз, город Тараз уақытша жұмыссыз, Тараз қаласы / временно безработный, город Тараз Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының жануарлар дүниесін қорғау және балық шаруашылығы бөлімі бас маманының м.а., Тараз қаласы / и.о. главного специалиста отдела охраны животного мира и рыбного хозяйства управления природных ресурсов и регулирования природопользования акимата Жамбылской области, город Тараз Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының жануарлар дүниесін қорғау және балық шаруашылығы бөлімінің бас маманы, Тараз қаласы / главный специалист отдела охраны животного мира и рыбного хозяйства управления природных ресурсов и регулирования природопользования акимата Жамбылской области, город Тараз Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы мемлекеттік аппарат, қорғаныс және құқық қорғау органдарының шығындарын жоспарлау бөлімінің бас маманы, Тараз қаласы / главный специалист отдела планирования расходов государственного аппарата, обороны и правоохранительных органов управления экономики и бюджетного планирования акимата Жамбылской области, город Тараз "Жамбыл облыстық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас инспекторы / главный инспектор Коммунальное государственное учреждение "Аппарат Жамбылского областного маслихата"

    Ералиев Бегалы Ералиұлы
    Мәслихат депутат

    Ералиев Бегалы Ералиұлы

    Агроөнеркәсіпті дамыту, экология және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасы

    «КазТрансГаз Өнімдері » ЖШС Тараз өндірістік филиалының директоры Ералиев Бегалы Ералиевич 1970 жылы 07 маусымда Жамбыл облысында дүниеге келген. 1987 - 1993 жылдар аралығында Жамбыл қаласының Жамбыл гидромелиорация құрылыс институтының мелиорация жұмыстарын механикаландыру мамандығы бойынша жоғары білім алып, инженер - механик квалификациясын алды. 1998 - 2001 жылдар аралығында Орта - Азиялық университетінің құқықтану мамандығы бойынша толық курсын бітіріп, заңгер біліктілігін алды. 2010 - 2012 жылдар аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің мұнай газ ісі мамандығы бойынша техника және технология бакалавры академиялық дәрежесін алды. 2014 жылы « Қазақстан Мәслихаттарына – 20» жыл» мерекелік медалімен марапатталды. 2016 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының туәелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. 2019 жылы « Қазақстан Мәслихаттарына - 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. 2021 жылы Қазақстан Республикасының Президенті К. К. Тоқаевтың «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. 2022 жылы Қазақстан Республикасының Президенті К. К. Тоқаевтың «Алғыс хатымен» марапатталды. Осы уақытқа Жамбыл аудандық мәслихатының V, VI, VII шақырылымының депутаты. 2023 жылдың 19 наурызында Жамбыл облыстық маслихаты депутаттығына тағайындалды. Орыс және қазақ тілдерінен басқа екі шет тілін (ағылшын, түрік) меңгереді.

    Айдынбеков Рустам Тұрсынбекұлы
    Бас инспектор

    Айдынбеков Рустам Тұрсынбекұлы

    "Жамбыл облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас инспекторы

    1989 жылдан 1994 жылға дейін Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясында экономист мамандығы бойынша, ал 2007-2009 жылдары Қайнар университетінде заңгер мамандығы бойынша білім алды.

    Мағзымбеков Ерұлан Сәбенұлы
    Мәслихат депутат

    Мағзымбеков Ерұлан Сәбенұлы

    Әлеуметтік сала мәселелері, жастар дел, құқықтық тәртіп және қоғамдық бірлестіктермен байланыс жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы

    Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы. 1975 жылы 26 тамызда Жамбыл облысы Жуалы ауданы Бурное селосында дүниеге келді. 1996 ж. Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті Қаратау филиалының жоғарыда аталған факультетін «экономист» мамандығы бойынша үздік дипломға аяқтадым. 2004, 2010 ж.ж. аймақтағы өңірлік жоғары оқу орындарының «Педагогика және психология», Құқықтану факультетінде сырттай оқу бөлімі бойынша оқыдым.

    Жетібаев Қайрат Қыдырәліұлы
    Мәслихат депутат

    Жетібаев Қайрат Қыдырәліұлы

    Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты

    Жетібаев Қайрат Қыдырәліұлы 1967 жылдың 28 наурызында Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал ауылында қарапайым отбасында дүниеге келді. Ұлтым - қазақ. Мен, 1984 жылы Үшарал орта мектебін бітіріп, Қарағанды мемлекеттік медицина институтына түсіп, дәрігер мамандығына ие болды. 2006 жылы Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық университетін менеджмент бакалавры мамандығы бойынша үздік бітірді. 2019 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Менеджмент мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі дәрежесін алды.

    Мамышев Мухтар Сырлыбаевич
    Бас инспектор

    Мамышев Мухтар Сырлыбаевич

    "Жамбыл облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас инспекторы

    2007-2010 жылдары ТарМУ көпсалалы колледжінде оқыды.М. Х. Дулати "Құқықтану" мамандығы бойынша. Сондай-ақ, 2010-2013 жылдары ТарГУ-да оқыды.М.Х. Дулати "Құқықтану" мамандығы бойынша және құқықтану бакалавры академиялық дәрежесін алды.

    Умаров Гулам Мухтарович
    Мәслихат депутат

    Умаров Гулам Мухтарович

    Жамбыл облыстық мәслихаты депутаты

    Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл облыстық қан орталығы» ШЖҚ МКК директоры Жамбыл облысы, Жамбыл қаласында 1975 жылы дүниеге келді 2008 жылы АҚШ-ның Солтүстік Королина штатында «НПО қатысу және СӨС қалыпастырудағы кәсіптік ассоциялар» тақырыбы бойынша оқудан өтті. 2010 жылы С.А.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Университетін менеджмент бакалавры академиялық дәрежесімен аяқтады. 2014 жылы - Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті Тараз қ., экономика ғылымдарының магистрі дәрежесімен аяқтады; 2019 жылы - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Әл-Фараби, Алматы қ., Денсаулық сақтау магистрі дәрежесімен бітірді; Қоғамдық қызметтегі жетістіктері: 2006 ж. наурыз айынан бастап «Ақ көгершін» Жастар орталығы ҚБ Кеңесінің Төрағасы. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі Кеңестің мүшесі (2008-2011 жж). «Nur Otan» Жамбыл облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің мүшесі. Жамбыл облысы бойынша конфессияаралық және ұлтаралық келісімді дамытуға және нығайтуға бағытталған жобаларды іске асыруда. Қазақстан Халқы Ассамблеясының Мүшесі; Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20-27 съездерінің делегаты; Жамбыл облысы Өзбек этномәдени бірлестігінің Вице-президенті; «Nur Otan» партиясының «50 жаңа есімі» жобасының қатысушысы (2014-2016 жж.). Марапаттары: Қазақстан Республикасы Президентінің «Ерен еңбегі үшін» медалі 2021 ж; Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, сондай- ақ белсенді депутаттық қызметі және өңірдің әлеуметтік – экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы М.Әшімбаевтың Құрмет грамотасы 2021 ж; Қазақстан Республикасы Тұнғыш Президенті Елбасының Алғыс хаты, 2021 ж. «Қазақстан Халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалі – 2020 ж.; Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты, 2019ж.; Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалі-2019ж.; «Nur Otan» партиясының «Белсенді қызметі үшін төсбелгісі» -2019ж.; «Денсаулық сақтау ісінің Үздігі» төсбелгісі, 2018ж.; «Жамбыл облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясының Алғыс хаты -2018ж.; «Денсаулық сақтауға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі, 2016ж.; Қазақстан Республикасы Тұнғыш Президенті Елбасының Алғыс хаты, 2016ж.; «Қазақстан мәслихатына 20 жыл» мерейтойлық медалі, 2015ж.; «Nur Otan» партиясының бірінші орынбасары А.Мырзахметовтың Алғыс хаты, 2015ж.; «Қазақстан Халқының Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медалі, 2015ж.; «Nur Otan» партиясының бірінші орынбасары Б.Сағынтаевтың Алғыс хаты, 2012ж.;

    Сағынтаев Ғалымжан Таймасұлы
    Мәслихат депутат

    Сағынтаев Ғалымжан Таймасұлы

    Жамбыл облысы мәслихатының депутаты

    Сағынтаев Ғалымжан Таймасұлы 1972 жылғы 27 тамызда Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал ауылында дүниеге келді. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары, 1994 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын «Агроөнеркәсіп кешен салаларындағы экономика және басқару» мамандығы бойынша, 2010 жылы – М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша бітірді.

    Сатыбалдиева Жансая Жаксыбекқызы
    Бас инспектор

    Сатыбалдиева Жансая Жаксыбекқызы

    "Жамбыл облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас инспекторы

    2022 жылдың мамыр айынан бастап "Жамбыл облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінде жұмыс істейді

    Тәнкебаев Жұмахан Мұқашұлы
    Мәслихат депутат

    Тәнкебаев Жұмахан Мұқашұлы

    Жамбыл облыстық мәслихаты депутаты

    Кәсіпкер 1966 жылы Жамбыл облысы Талас ауданы Тамды ауылында дүниеге келген. Танкебаев Жұмахан Мұқашұлы "Қазақстан Конституциясына 25 жыл" мерейтойлық медалімен," Жамбыл облысының еңбегі үшін" төсбелгісімен," Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл" мерейтойлық медалімен,"Д.А. Қонаев 110 жыл"мерейтойлық медалімен марапатталған. Талас ауданының Құрметті азаматы.

    Танкебаев Жұмахан Мұқашұлы
    Мәслихат депутат

    Танкебаев Жұмахан Мұқашұлы

    Жамбыл облысы мәслихатының депутаты

    Танкебаев Жұмахан Мұқашұлы 1966 жылы 21 қазанда Жамбыл облысы Талас ауданының Тамды ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2008-2012 жылдар аралығында Жамбыл гуманитарлық техникалық университетінің (ЖГТУ) «Есеп және аудит, экономика және бизнес» мамандығы бойынша білім алып оқуды аяқтады.

    Алтынбеков Нұрлыбек Бауыржанұлы
    Инспектор

    Алтынбеков Нұрлыбек Бауыржанұлы

    "Жамбыл облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің инспекторы

    2019 жылдан 2023 жылға дейін М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде " Web-журналистика" мамандығы бойынша оқыған.

    Бейсенқұлов Дауыл Ынтықбайұлы
    Мәслихат депутат

    Бейсенқұлов Дауыл Ынтықбайұлы

    Жамбыл облыстық мәслихаты депутаты

    «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы. Бейсенқұлов Дауыл Ынтықбайұлы 1975 жылы 13 қыркүйекте Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылында дүниеге келді. 1982-1992 жылдар аралығында Аса ауылындағы Жеңістің 30 жылдығы атындағы орта мектепте жалпы орта білім алды. 1992-1997 жылдар аралығында Жамбыл қаласындағы (қазіргі Тараз) гидромелиорация-құрылыс институтын «автомобильдер және автомобиль шаруашылығы» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 2015 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтады. 2010 жылдан бастап «AMANAT» партиясының мүшесі. 2023 жылдың 19 наурызында өткен ҚР Парламенті және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау қорытындысымен «AMANAT» партиясының партиялық тізімі бойынша Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды. Марапаттары: «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.), «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016 ж.), «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» (2020 ж.) мерекелік медальдарымен және «Ерен еңбегі үшін» (2020 ж.) медалі мемлекеттік наградасымен марапатталды. 2022 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпы республикалық референдумды және Президенттің саяси реформаларын ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қатысқаным үшін «AMANAT» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

    Рысбаева Сәуле Мақшанқызы
    Мәслихат депутат

    Рысбаева Сәуле Мақшанқызы

    Жамбыл облысы мәслихатының депутаты

    Жұмыс орны, лауазымы: "Рысбаева и Ко" ЖШС, директор-құрылтайшы. Туған күні: 1962 жылғы 4 маусым туған жері: Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Фурмановка ауылы Ұлты: қазақ Ата-аналар (анасының, әкесінің аты, Қазіргі лауазымы, егер қазіргі уақытта зейнетке шықса, бұрын немен айналысқанын көрсету керек): әкесі: Рысбаев Мақшан Рысбайұлы 1928 жылы туған, жұмысшы, 2009 жылы қайтыс болған, анасы: Рысбаева Жұмақыз Әлібекқызы 1938 жылы туған, үй шаруасындағы әйел, қазір зейнеткер. Білімі: оқу орнының атауы: Толық (дипломды бітірген сәтте): Жамбыл педагогикалық институты ,Тараз атындағы Университет.М. Х. Дулати Факультет: филология; Мемлекеттік басқару Алған мамандығы: Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мемлекеттік және жергілікті басқару Оқу орнын бітірген жылы: 1990 ж.; 2007 ж. Оқу түрі (күндізгі, сырттай, кешкі): сырттай, сырттай 2012 жылы "Елбасымен жеті рет кездесу – Семь встреч с Президентом" атты екі кітаптың және Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай "Мың тағзым" кітабының авторы. Партияға қатыстылығы:"Ауыл" партиясының мүшесі

    Буларов Лугмар Харкиевич
    Мәслихат депутат

    Буларов Лугмар Харкиевич

    Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты

    Кәсіпкер, "BL group 2030"ЖШС директоры 1962 жылы Жамбыл облысы Күрдай ауданы Шортөбе ауылында дүниеге келген. 1979 жылдан 1980 жылға дейін №23 Токмак қалалық училищесінде "Слесарь-механик"мамандығы бойынша оқыды. 1981 жылдан 1986 жылға дейін Фрунзе политехникалық институтында "Инженер-механик"мамандығы бойынша оқыды. Марапаттар: - II дәрежелі "Достық" орденімен; - медальмен-Астана қаласына 10 жыл; - медальмен-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл; - медальмен-Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл; - медальмен-Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл - медальмен-Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 25 жыл - медальмен-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл; - "Жомарт жан" медалімен; - "Еңбек Данкі" медалімен; - облыстың дамуына қосқан үлесі үшін Жамбыл облысы әкімінің медалімен - Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің ауданның дамуына қосқан үлесі үшін медалімен - "ұзақ Депутат -2022" медалімен - Қазақстан халқы Ассамблеясының "Алға" төсбелгісімен - Жамбыл облысы әкімінің грамотасымен; - "Nur Otan "партиясының грамотасымен - Қордай аудандық мәслихатының грамотасымен; - Жамбыл облыстық мәслихатының Құрмет грамотасымен (2022 ж. шілде) - Еуразия кеңістігінде халықтар арасындағы достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін Еуразия халықтары Ассамблеясының Құрмет грамотасымен - Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хаттарымен. -Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының, "Nur Otan" партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен. -Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алғыс хатымен Қоғамдық наградалармен марапатталған : - "Қазақстан экономикасының Даңқ жұлдызы" ордені; - "Кеден одағы елдерінің Құрметті азаматы" ордені - Қырғызстан халқы Ассамблеясының "азаматтық бейбітшілік пен этносаралық келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін"медалімен Номинациялар бойынша марапатталған : - "Жыл маманы"; "Сала көшбасшысы"; - Жамбыл облысы Қордай ауданының Құрметті азаматы

    Нурханов Ерлан Орынбасарұлы
    Мәслихат депутат

    Нурханов Ерлан Орынбасарұлы

    Депутат Жамбылского областного маслихата

    Нурханов Ерлан Орынбасарұлы, 1979 жылы, Онтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген. 2001 жылы М.Сапарбаев атыңдағы Онтүстік Қазақстан Гуманитарлық Университетінің «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген. 2016 жылдың мамыр айынан бүгінгі күнге дейін «Talas Investment Company» ЖШС-і Бас директоры қызметін атқаруда. 2008 жылдың қазан айынан 2016 жылдың мамыр айына дейін «Smart-oil» ЖШС-і өңдіріс бойынша Вице-президент қызметін атқарған. 2007 жылдың тамыз айынан 2008 жылдың қазан айына дейін «Саутс Ойл» компаниясының Кызылорда облысында орналасқан «Акшабулак» кен оңдірісінде вахта басшысы болып қызмет атқарған. 1999 жылдан 2007 жылдың тамыз айына дейін «ХлопкоПром» ЖШС ОҚО Туркістан ауданындағы мақталы алқаптарды қаржыландыру менеджері қызметің атқарған. Отбасылық жағдайы: Үйленген, 5 ұл және 1 қыз тәрбиелеуде. Марапаттаулар: Мұнай газ сервисін дамытудағы үлесі үшін «Заңды түлғалар бірлестігінең» медальмен марапатталды (2005). «Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері» төс белгісімен марапатталды (2018)

    Бегалиев Керімқұл Мамырұлы
    Мәслихат депутат

    Бегалиев Керімқұл Мамырұлы

    Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты

    Управляющий директор КХ "Злиха" Родился в 1963 году в селе Туктибай Жуалынского района. В 1982 году окончил Шымкентский Совхоз техникум по специальности техник-механик. Жетекші еңбектердің арқасында ҚР-құрмет грамотасын 2011ж., 2016 жылы Ереқ енбегі үшін медаль алдым. Министрлердің ауыл шаруашылық, Енбек және турғындары әлеуметтік қорғау,облыс, аудан әкімдерінің, мәслихатының Құрмет грамоталарымен марапатталдым және де көптеген төсбелгілер алды. ҚР ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу ұйымдары қызметкерлері кәсіподақтар одағы заңды тұлғалар бірлестігінің Орталық комитеттінің салалық наградасы: II дәрежелі «Еңбек даңқы» белгісі 2013 ж. I дәрежелі «Еңбек даңқы» белгісі 2014ж. ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл 2011ж. ҚР маслихатының 20 жыл медаль 2014ж. ҚР маслихатының 25 жыл медаль 2019 ж. Жамбыл облысына сіңірген еңбегі үшін 2018 ж. Жергілікті әскери басқару органдарына 100 жыл мерейтойлық белгі 2018 ж. ҚР Жамбыл облысы, Жуалы ауданы «Ауылға сіңірген еңбегі үшін» медаль 2019 ж. Бауыржан Момышұлының «Батыр шапағаты» медаль 2018 ж. Бауыржан Момышұлының «Батыр шапағаты» медаль 2019 ж.

    Болатбек Уалихан Болатбекұлы
    Мәслихат депутат

    Болатбек Уалихан Болатбекұлы

    Жамбыл облысы мәслихатының депутаты

    «Аманат» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Жастар рухы» ЖҚ төрағасы Болатбек Уалихан Болатбекұлы 1991 жылы 16 наурыз күні Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Билікөл ауылында дүниеге келдім. Билікөл ауылындағы Қарымбай Қошмамбетов атындағы №3 орта мектептің табалдырығын 1997 жылы аттады. 2007 жылы Тараз қаласындағы Жамбыл политехникалық колледжіне, 2011 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтына, 2014 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне оқуға түсті.

    Райқұлов Алтай Мақсұтұлы
    Мәслихат депутат

    Райқұлов Алтай Мақсұтұлы

    Жамбыл облыстық мәслихаты детуаты

    "Әулиеатататранспасс" ЖШС Байқау кеңесінің төрағасы 1961 жылы Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген. 1997-2002 жылдары Тараз қаласындағы" Әулие ата "университетінің" Қаржы және несие " мамандығын алды. 2004 жылы Қазақ автомобиль-жол университетін бітірген.Л. Б. Гончарова Алматы қаласында "Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы" мамандығы бойынша. Марапаттары: 2001 жыл Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә.Назарбаевтың "Алғыс хатымен" марапатталды. 2006 жылы Жамбыл облысы әкімінің "Құрмет грамотасымен" марапатталған. 2006 жылы Жамбыл облысы кәсіподақтар одағының Алғыс хатымен марапатталған. 2008 жылы Жамбыл облысы Ішкі істер басқармасының алғыс хатымен марапатталған. 2009 жылы Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің алғыс хатымен марапатталған. 2016 жыл "үздік автокөлік жүргізушісі"жоғары кәсіби атағының төсбелгісімен марапатталды.

    Ни Сергей Константинович
    Мәслихат депутат

    Ни Сергей Константинович

    Жамбыл облысы мәслихатының депутаты

    Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мыңарал ауылында 01.12.1961 жылы дүниеге келді. 1979 жылы мектепті бітіргеннен кейін Мыңарал балық зауытында слесарь болып жұмысқа орналастым. 1980 жылы Кеңес Армиясы қатарына шақырылып, 1982 жылға дейін әскери борышымды өтедім. 1984 жылы Алматы қаласындағы «ҚазБШҒЗИ» Қазақ балық шаруашылығы ҒЗИ - ін «балық шаруашылығын жүргізу» мамандығы бойынша сырттай аяқтадым, халықаралық сапа стандарттары бойынша сертификаттары бар: ISO 9001: 20015 «сапа менеджменті жүйесі», ISO 22000:2005 «тамақ өнімдерінің қауіпсіздік менеджменті жүйесі». Отбасы жағдайы : үйленген, бес баласы бар.

    Қалымбетов Бақытжан Алдасүгірұлы
    Мәслихат депутат

    Қалымбетов Бақытжан Алдасүгірұлы

    Жамбыл облыстық мәслихаты депутаты

    1975 жылы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылында дүниеге келген. 1992-1997 жылдары Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын инженер-электрик мамандығы бойынша бітірген. Еңбек еткен жылдары ішінде 2020 жылы "ауданға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 5 тамыздағы Жарлығымен "Қазақстан Конституциясына 20 жыл" мерейтойлық медалімен, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 29 қарашадағы Жарлығымен "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерейтойлық медалімен, төс белгісімен марапатталған "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл", 2 рет Социалистік Еңбек Ері "Ж. Қуанышбаева", 2022 жылғы "Мәслихаттың үздік хатшысы" медалімен, 2021 жылғы қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, 2009 жылғы 22 мамырда Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасымен, 2022 жылғы маусымда-Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталды. Ауданның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси, қоғамдық қызметіне белсенді қатысамын.

    Әлімбаева Гүлнара Еділбайқызы
    Мәслихат депутат

    Әлімбаева Гүлнара Еділбайқызы

    Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты

    Алимбаева Гульнара Едилбаевна 1964 жылы 26 қарашада Жамбыл облысы, Т.Рысқулов ауданы, Қорағаты ауылында көп балалы отбасында өмірге келді. 1981-1986 жылдар аралығында Жамбыл педагогикалық институтының физика- математика факультетінде оқыды.

    Аббосов Жалил Азимович
    Мәслихат депутат

    Аббосов Жалил Азимович

    Жамбыл облысы мәслихаты депутаты

    Кәсіпкер 1971 жылы Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында дүниеге келген. 1994 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтын, технология факультетін бітірген. Марапаттар Қазақстан халықтары Ассамблеясына 25 жыл мерейтойлық медалі

    Бегалиев Керімқұл Мамырұлы
    Мәслихат депутат

    Бегалиев Керімқұл Мамырұлы

    Жамбыл облысы мәслихатының депутаты

    Керімқұл Мамырұлы Бегалиев 1963 жылы 26 қарашада Жуалы ауданы Түктібай ауылында дүниеге келген. 1970-1978 жылы М. Әуезов мектебінде оқып 8-ші класты бітіріп, яғни 1978-1982 жылы Шымкент совхоз техникумында техник-механик мамандығын алып бітірді. 2012 жылдан бастап бесінші, алтыншы шақырылымдарының Жуалы аудандық маслихат депутаты. Тұрғындардың денсаулығын және Қоршаған ортаны, тұрғындардың аз қамтылған бөлігін, мүгедектерді, аналар мен балаларды қорғау, ұлттық және азаматтық келісімді дамыту, білім жастар ісі, спорт мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып келді. 2021 жылдан Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты

    Ақшалова Айгүл Сағымбекқызы
    Мәслихат депутат

    Ақшалова Айгүл Сағымбекқызы

    Жамбыл облыстық мәслихаты депутаты

    Ақшалова Айгүл Сағымбекқызы, 1972 жылы ҚазКСР Жамбыл қаласында дүниеге келді. 1987 жылы Абай атындағы Жамбыл педагогикалық училищесіне оқуға түсіп, 1991 жылы үздік бітірген. 2017-2018жж. Инновациялық Еуразия университетіне түсіп, МВА іскерлік әкімшілендіру магистрі, MBA General Management, Universal Business School Edinburgh, Scotland UK академиялық дәрежесі алды.

    Қораласбаев Арылбек Шамшабекұлы
    Мәслихат депутат

    Қораласбаев Арылбек Шамшабекұлы

    Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты

    Қораласбаев Арылбек Шамшабекұлы 1968 жылы 11 ақпанда Т.Рысқұлов ауданы Құмарық аулында дүниеге келді. 1985 жылы Болтай батыр орта мектебін бітірді. 1989 жылдан 1992 жылдары Техникумда зоветеринар мамандығын оқып шықтым.. 2007 жылы Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз Ұлттық университетінде аграном мамандығын оқып шықты.

    Ахметжаев Дәурен Хайруллаұлы
    Мәслихат депутат

    Ахметжаев Дәурен Хайруллаұлы

    Жамбыл облыстық мәслихаты депутаты

    «Ахметжаев Д. Х» ЖК-нің директоры Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Бесағаш ауылында туылған. 2003 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітіріп,бухгалтерлік есеп және аудит-мамандығы бойынша білім алып, экономист біліктілігін алған. 2010 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін тамандап, құқықтану біліктілігі берілді. Марапаттарым: ҚР Президентінің "Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл" медалі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Президентінің сайлау күніне дайындыққа қосқан үлесі үшін алғыс хаты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жалпы мемлекеттік референдумды жүзеге асырғаны үшін алғыс хаты «Біздің депутат» республикалық қоғамдық-саяси газетінің «Үздік депутаты» төс белгісі Жамбыл аудандық мәслихатының «Бесағаш ауылының құрметті азаматы» медалі

    Куккузов Руслан Суйерқұлұлы
    Мәслихат депутат

    Куккузов Руслан Суйерқұлұлы

    Жамбыл облысы мәслихатының депутаты

    «Шу Жылу» КММ директоры Куккузов Руслан Суйеркулұы 1972 жылы 2 сәуірде Шу қаласында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: 1995 жылы Ауыл шаруашылығын механикаландыру бағыты бойынша К.И. Скрябин атындағы ауыл шаруашылығы институтын бітіргенмін, 2017 жылы жылу энергетикасы және жылу техникасы бағыты бойынша И. Раззаков атындағы ҚМТУ-ды бітірген.

    Әшімова Айман Серікқызы
    Мәслихат депутат

    Әшімова Айман Серікқызы

    Жамбыл облыстық мәслихаты депутаты

    Ашимова Айман Сериковна, Жамбыл облысы Қордай ауданының Қордай ауданында дүниеге келген. 1995 жылы Қордай ауданының Абай атындағы орта мектепті үздік бітірді. 1999 жылы И.Арабаев атындағы Қырғыз Мемлекеттік университетін «Ағылшын тілі» мамандығы бойынша үздік бітіріп шықты.

    Жолтаев Талғат Базарбекұлы
    Мәслихат депутат

    Жолтаев Талғат Базарбекұлы

    Жамбыл облысы мәслихатының депутаты

    Жолтаев Талғат Базарбекұлы, 1969 жылы 9 тамызда Жамбыл облысы Талас ауданы Ақкөл ауылында дүниеге келді. 1976 – 1986 жылдары аралығында Жамбыл облысы Талас ауданы Ақкөл ауылында «Ақкөл» орта мектебін бітірген Тараз қаласында 2012 – 2019 жылдары халық игілігіне пайдалануға берілген жеке нысандар: 2012 жылы Тараз қаласының орталығында балаларға арналған «Жазғы ойын-сауық және спорт» алаңшасы; 2014 жылы Тараз қаласының тұрғындарына арналған «Демалыс орталығы, жазғы кафе және жүзу бассейні»; 2016 жылы Тараз қаласында «АЛАШ» құрылыс заттарының сауда орталығы» іске қосты. 2019 жылы «Бұрыл Бірлесу» ЖШС-ін ашып, шағал, құм, топырақ, құм-шағал қоспаларын шығару зауытын іске қосты. Өз қаражаты есебінен демеушілік жасаған әлеуметтік нысандар: Тараз қаласындағы бірнеше тұрғын үй мөлтек аудандарында балаларға арналған ойын алаңшалары; 2014 жылы Талас ауданы Тамабек ауылының тұрғындарына 1 – 9 шақырым автомобильді жолы; 2015 жылы Талас ауданы Ақкөл ауылының орталық мешітінің қазандығы және жылу жүйесі құрылысы; Жамбыл облысының жас спортшыларын қолдау мақсатында демеушілік етуде. 2018 жылы Талас ауданы Ақкөл ауылының орталығында «Бақ-құсы» атты монументін салдырды; 2018 жылы Талас ауданы Тамабек ауылында электр желісін салдырып, электр энергиясын қуаттайтын трансформатор орнатты.

    Бастаубаева Жанат Абдуалиқызы
    Мәслихат депутат

    Бастаубаева Жанат Абдуалиқызы

    Жамбыл облыстық мәслихаты депутаты

    Қазақстан Халық партиясының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Бастаубаева Жанат Абдуалиқызы 1963 жылы 12 наурызда Жамбыл облысы, Шу ауданы, Ленинское ауылында дүниеге келген. 1981 жылы №41 Көкшетау техникалық училищесін "Астықты талдау зертханашысы" мамандығы бойынша, 1992 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын "инженер-механик" мамандығы бойынша, 2002 жылы "Әулие ата" университетін "экономист қаржыгер" мамандығы бойынша, 2003 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет Академиясын бітірген. 2000 жылдан бастап "Жамбыл облысының Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының" ҚБ мүшесі болып табылады. 2002 жылы АҚШ-тың сауда министрлігінде "SABIT" бағдарламасы бойынша мемлекеттік қызметтің жас басшылары үшін Вашингтон, Чикаго, Сент-Луис және Спрингфилд қалаларында іскерлік тағылымдамадан өтті. 2002-2006 ж.ж. шағын және орта бизнесті дамыту және қолдау жөніндегі мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды, әдістемелік құралдарды әзірлеу жөніндегі республикалық және облыстық конкурстарға қатысушы болып табылады. 2006 жылдың қыркүйегінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен өткен "Сыртқы сауда – Түркия-Еуразия көпірі" саммитінде Қазақстандық бизнесмендер делегациясының құрамына енді. 2020 жылдың қаңтар айында "Қазақстан Халық партиясы" ҚБ-нің Еуразия бойынша басқару жөніндегі жұмыс тәжірибесімен алмасу бойынша Қытайға іскерлік сапардың жұмыс тобына кірді (Пекин қ., Цзинганьшань қ., Цзянь қ. Фучжоу қ., Нанчанг қ., Үрімші қ., ҚХР Республикасы). 2020-2022 ж.ж. Жамбыл облысының Қоғамдық Кеңесінің мүшесі болды. 2020-2023 ж.ж. Қазақстан Халық партиясының орталық аппаратының саяси кеңесінің және саяси бюросының мүшесі болды. 2021-2023 ж.ж. Тараз қалалық мәслихатының XII-ші шақырылымының депутаты болып сайланды. 2022 жылдың қаңтарында "Біздің депутат" республикалық қоғамдық-саяси газеті рейтингінің қорытындысы бойынша "2021 жылдың құрметті депутаты" медалімен марапатталды (Астана қаласы). 2022 жылғы 14 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Жарлығымен мемлекеттік награда "Ерен еңбегі үшін" деген медалімен марапатталды. 2022 жылғы қарашада ҚР Президентінің сайлауына белсенді қатысқаны үшін Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының "Алғыс хаты"-мен марапатталды. 2022 жылғы 26 қарашада ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың ұлықтау рәсіміне қатысты. 2022 жылдың желтоқсанында ҚР Президентінің сайлауалды жұмысының қорытындысы бойынша қосқан үлесі үшін ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың "АЛҒЫС ХАТЫ " –мен марапатталды. 2022 жылғы желтоқсанда жыл қорытындысы бойынша ҚХП Жамбыл облыстық филиалы республикадағы 20 филиалдың арасынан 1-ші орынды иеленді. Қазақстан Халық партиясының төрағасы Е.Ертісбаевтың "Нәтижеге бағытталған жұмыс" дипломымен марапатталды. 2023 жылғы 29 наурыздан бастап XIIІ-ші шақырылымның Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды, сондай-ақ "Кәсіпкерлік, өнеркәсіп, құрылыс, көлік және коммуналдық саланы дамыту мәселелері жөніндегі" XIIІ-ші шақырылымның облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясы төрағасының орынбасары болып сайланды. Сондай-ақ, Жамбыл облысы, Тараз қаласы әкімінің, халықаралық ұйымдардың Құрмет грамоталарымен, дипломдарымен, "Алғыс хат"-мен марапатталған. Біліктілікті арттыру бойынша 30-дан астам сертификаты бар. Сонымен қатар 16 мерейлік медальдарымен марапатталған: 1) "Жылдың іскер адамы" (2006 ж., Стамбул қ.), 2) "Отан қорғаушы" құрметті төсбелгісі (2011ж., Алматы қ.), 3) "Қазақстан патриоты" (2021ж., Астана қ.)

    Буларов Лугмар Харкиевич
    Мәслихат депутат

    Буларов Лугмар Харкиевич

    Жамбыл облысы мәслихатының депутаты

    «Луми ЛТД» жауапкерлгі шектеулі серіктестігінің директоры Буларов Лұғмар Харкиевич 1962 жылы 16 шілдеде Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Шорттөбе ауылында дүниеге келген. 1979 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Шорттөбе ауылындағы М.Ю.Лермонтов атындағы орта мектепті бітірген. 1979 жылдан 1980 жылға дейін Тоқмақ қалалық №23 мектепте механик мамандығы бойынша оқыды. Келесі мемлекеттік наградалары бар. Мерейтойлық медальдар- Астананың 10 жылдығы;- Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл;- Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл;– Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл. Құрмет грамоталары- Жамбыл облысының әкімі;- «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы;- Қордай аудандық мәслихаты;– Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеяларының Алғыс хаттары. 3. Орден– 2018 жылы ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды. 4. Қоғамдық марапаттар- Қазақстан экономикасының «Даңқ жұлдызы» орденімен марапатталды;- «Кеден одағының құрметті азаматы» орденімен марапатталған.

    Бексұлтанова Анар Сағынтайқызы
    Қызметкерлер

    Бексұлтанова Анар Сағынтайқызы

    Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты

    “Шебер шаңырақ” мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы 1978 жылы 29 тамызда Талас ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген. 1985-1995 жылы Үшарал орта мектебін аяқтап, 1996-2000 М.Х.Дулати атындағы университетінің “биология” пәні мұғалімі мамандығын бітірген. ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың алғыс хат және төс белгісімен марапатталған. ҚР ұлттық экономика министрлігінен “Алғыс хат”, “Шапағат” медаль. ҚР ҰҚП Атамекеннен “Өз ісіне адалдығы” 3 дәрежелі медаль. Тараз қаласының “Құрметті азаматы” медальмен марапатталған.

    Ракаева Клара Балтабайқызы
    Мәслихат депутат

    Ракаева Клара Балтабайқызы

    Жамбыл облысы мәслихатының депутаты

    Меркі аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығының директоры Клара Балтабайқызы 1964 жылы 12 сәуірде Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Жамбыл малдәрігерлік техникумын «бухгалтерлік есеп», 2007 жылы Қырғыз-Ресей академиясын «Қаржы және несие» мамандықтары бойынша аяқтаған.

    Байкеева Самал Онгарбайқызы
    Мәслихат депутат

    Байкеева Самал Онгарбайқызы

    Жамбыл облысы мәслихатының депутаты

    «Б.Момышұлы» атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Байкеева Самал Оңғарбайқызы, 1987 жылы 16 ақпанда Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылында көп балалы отбасында дүниеге келген. 1993 жылы Аса ауылындағы Юрий Гагарин атындағы орта мектеп табалдырығын аттап, оны 2004 жылы бітірген. 2004 -2008 жылдары Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Тараз институты филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі (бакалавр) мамандығы бойынша жоғары білім алған.

    Дөненбаев Мейрамбек Әліқұлұлы
    Мәслихат депутат

    Дөненбаев Мейрамбек Әліқұлұлы

    Жамбыл облыстық мәслихаты депутаты

    02.01.1963 жылы Жамбыл облысы, Т. Рыскулов ауданы, Жарлысу ауылында дүниеге келді 1970-1975 жылы Жарлысу ауылының орта мектебінде оқыды. 1975-1980 жылдары Шымкент облысы, Ленр ауданы, Карл Маркс атындағы орта мектепті бітірді. 1980 жылы Алматы қаласындағы ауылшаруашылық институтына түсті. 1985 жылы институтты ғалым- агроном маманы болып бітірді. Марапаттар: 2013 жылы №31 п.3 ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіпожақтар одағының Президиум қаулысымен 3 дәрежелі «Еңбек даңқы» төс белгісімен марапатталды. 2018 жылы Жамбыл облысының экономикасының дамуына қосқан үлесі үшін төс белгісімен марапатталды. Көп деген құрмет грамоталар, дипломдар, алғыс хаттар және сертификаттар иеленді.

    Өсербаев Сұлтан Мықтыбекұлы
    Мәслихат депутат

    Өсербаев Сұлтан Мықтыбекұлы

    Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты

    Диқан орта мектебінің директоры Өсербаев Сұлтан Мықтыбекұлы 1986 жылы 8 қарашада дүниеге келген. 2004 – 2008 жылы Тараз мемлекеттік педогогикалық институты филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша үздік бітіріп шыққан. Сонымен қатар «Педагогика - психология» ғылымдарының магистрі. 2016 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен маслихаттары депутаттарының сайлауында «Нұр Отан» партиясының сайлау науқанына белсене қатысқаным үшін Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталған. 2016 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай аудан әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталдым. 2018 жылы Білім беру жүйесін жетілдіруге қосқан елеулі үлесі және жас жеткіншектерді тәрбиелеудегі жетістіктері үшін Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Құрмет грамотасымен» марапатталған. 2019 жылы Жамбыл облысының мектеп басшылары арасында өткен «Табысты менеджер-2019» байқауында І орын иеленген. 2020 жылы «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Қазақстанда жалпыұлттық деңгейде тұңғыш рет өткен партияның сайлауалды іріктеуіне белсенді атсалысқаным үшін облыс әкімінің алғыс хатпен марапатталған. 2021 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен маслихаттары депутаттарының сайлауында «Нұр Отан» партиясының айқын басымдықпен жеңіске жетуіне қосқан үлесім үшін Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталған.

    Дуйсенқұл Ерболат Жамбылұлы
    Мәслихат депутат

    Дуйсенқұл Ерболат Жамбылұлы

    Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты

    Аудан әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ –сі директорының орынбасары Дүйсенқұл Ерболат Жамбылұлы, 28 жаста. Қоғамдық жұмыстар Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша мониторинг топ мүшесі Аудандық қоғамдық келісім төрағасының орынбасары Марапаттар: Жамбыл облысының әкімі Б.Сапарбаевтың Алғыс хаты ; 2020-2021 жыл. Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқарма басшысы С.Берікқожаның «Үздік директор - 2020» номинациясының жеңімпазы; 2020 жыл. «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Б.М.Сапарбаевтың, төрағасының бірінші орынбасары Б.Нарбаевтың Алғыс хаты ; 2020 жыл. 4. Меркі ауданының әкімі М.Өмірбектің Құрмет грамотасы; 2020 жыл. Меркі аудандық мәслихатының Алғыс хаты; 2020 жыл.

    Еділбаев Арман Захарыпұлы
    Мәслихат депутат

    Еділбаев Арман Захарыпұлы

    Жамбыл облыстық мәслихаты депутаты

    1976 жылы Жамбыл қаласында дүниеге келген. 2000 жылы ол таргуды бітірді. М. Х. Дулати. Арман Захарыпұлы өңірдің алдыңғы қатарлы құрылыс компанияларының бірі – "Арайстроймаркет-2003" ЖШС компаниялар тобының бизнесіне иелік етеді, оның есебінде" жамбылгосэкспертиза "Жамбыл аумақтық еншілес мемлекеттік кәсіпорнының әкімшілік ғимаратының құрылысы"," Қызыларда облысының Тасбөгет кентінде 320 орындық балабақша құрылысы","Тараз қаласындағы Санырақбатыр көшесі бойында 6 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосы кешенінің құрылысы "" т. Жарлысу ауылындағы мектеп құрылысы. Жамбыл облысы Рысқұлов ауданының 300 орындық", "Құрылыс "кешені балабақша – бастауыш мектеп –гимназиясы "Інжу", "Жамбыл облысы Жуалы ауданы Б. Момышұлы ауылында 300 орындық мектеп салу", " Бәйтерек шағын ауданында балабақша салу. 280 орындық Тараз", "Амангелді кен орнында № 123 ұңғыманы жайластыру", "Амангелді кен орнында №124 ұңғыманы жайластыру", "№ 125 ұңғыманы жайластыру бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары және Амангелді кен орнының КҚП технологиялық желісіне қосу", "Жарқұм газ құбырына қызмет көрсету үшін Амангелді кен орнында 4-санатты патрульдік жол"- Амангелді", сондай –ақ топтың ең ірі объектісі-" Аралтөбе учаскесін ОПП-мен жалғайтын Алаңаралық технологиялық автомобиль жолы", "Еврохим-Тыңайтқыштар" ЖШС-нің теміржол инфрақұрылымы (темір жол кірме жолы және Рудничная теміржол станциясы) "Қазфосфат"ЖШС темір жолдарымен түйісу нүктесінде бағыттамалы бұрманы ойып салумен. Қазақстанда алғашқы радиаторлар өндірісі 2015 жылы сәуір айында қуаты жылына 250 000 секция болатын алюминий және биметалл радиаторларын өндіру желісі пайдалануға берілді. "Еуропалық грант" кәсіпкерлік қызмет саласындағы Құрмет грамотасын халықаралық іскерлік кеңес Insa жоғары Женева бизнес және басқару институтымен бірлесіп белгіледі. Номинанттарды іріктеу мемлекеттік статистиканың, рейтингтік агенттіктердің деректері негізінде сыйлықтың сараптамалық кеңесі жүргізетін талдамалық зерттеу негізінде жүргізіледі. 2010 жылы Халықаралық іскерлік кеңес Қордың қолдауымен INSAM жоғары Женева бизнес және басқару институтымен бірлесіп, іскерлік тәжірибеде жоғары сапасы үшін (Франция және Швед) "Арайстроймаркет-2003" ЖШС директорына мінсіз іскерлік беделі үшін сыйлықпен "жамылған медаль"табыс етілді. Қол жеткізген жетістіктері үшін "Арайстроймаркет-2003" ЖШС директоры қала құрылысы Депортаментімен және Жуалы ауданының әкімдіктерімен бірнеше рет көтермеленді.

    Акчалова Айгүл Сағымбекқызы
    Мәслихат депутат

    Акчалова Айгүл Сағымбекқызы

    Жамбыл облысы мәслихатының депутаты

    "Акчалова"ЖК директоры Туған күні-28.05.1972 ж. Білім беру: 1987-91 Ж. Ж. Жамбыл педагогикалық училищесі, мамандығы: бастауыш сынып мұғалімі . 2007-2010 жж. Қазақ қатынас жолдары университеті; маркетинг бакалавры академиялық дәрежесі; 2017-2018жж. Инновациялық Еуразия университеті ; академиялық дәрежесі іскерлік әкімшілік магистрі МВА, MBA General Management, Universal Business School Edinburgh, Scotland UK

    Жолмаханова Айтбала Абухасовна
    Мәслихат депутат

    Жолмаханова Айтбала Абухасовна

    Жамбыл облыстық мәслихаты депутаты

    Сарысу аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры 1965 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жайылма ауылында дүниеге келген. Шымкент педагогикалық мәдениет институтына оқуға түсті. Әл-Фараби, 1986 жылы аталған институтты "кітапхана дело және библиография"мамандығы бойынша бітірген. 2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу аясында "ХХІ ғасыр кітапханасының сыртқы келбеті" іс-шараларына белсенді қатысып, Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Құрмет грамотасымен" марапатталды. 2014 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің департамент директоры К Сейітованың тапсырмасы бойынша. "кітапхана ісінің шебері" медалімен марапатталған. 2015 жылы кітапхана ісін дамытуға қосқан үлесі және кітап мәдениетін қалыптастырудағы қажырлы еңбегі үшін қазақ халқының 550 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі республикалық комиссия төрағасы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б. М. Сапарбаевтың алғыс хатымен марапатталды. 2015 жылы Қазақ халқының 550 жылдық мерейтойына байланысты Қазақстан Республикасының Еңбек қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ө.Мұналбаеваның Ұлы Дала елінің тарихын терең меңгергені, елдің дамуына қосқан елеулі үлесі және қоғамды оқыту мәдениетін қалыптастыруға қосқан үлесі үшін алғыс хатымен марапатталды. 2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында өңіріміздің рухани-мәдени жасампаздық әлеуетін одан әрі нығайтудағы баға жетпес еңбегі үшін Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының алғыс хатымен марапатталды. 2021 жылы "Сарысу ауданына сіңірген еңбегі үшін"мерейтойлық медалімен марапатталған 2022 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің сайлау науқанын дайындау мен өткізуге қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталған. 2022 жылы патриоттық ұстанымы және жалпыұлттық Референдумды ұйымдастыруға, өткізуге белсенді қатысқаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталды.

    Мырзалиев Шындос Кершаизович
    Мәслихат депутат

    Мырзалиев Шындос Кершаизович

    Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты

    Мырзалиев Шындос Кершаизович 1963 жылы 9 қаңтарда Жамбыл облысының Луговой ауданы Тереңөзек ауылында туылған. 1980 жылы Луговой ауылындағы Ворошилов атындағы орта мектепті бітірген. Ұлты қазақ. 1986 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының педиатриалық факультетін «балалар хиругы» мамандығы бойынша бітіріп, 1987 жылы Жамбыл қаласындағы облыстық балалар ауруханасында интернатура өткен.

    Жылқыбаев Досбол Мәлікомарұлы
    Мәслихат депутат

    Жылқыбаев Досбол Мәлікомарұлы

    Депутат Жамбылского областного маслихата

    1984 жылы 27 қыркүйекте Жамбыл облысы, Сарысу ауданындағы Әшір Бүркітбаев ауылында дүниеге келген. 1990-2001 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы орта мектепте білім алған. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін заңгер мамандығы тамамдаған. Коронавирус пандемиясына қарсы күрес мақсатында жүзеге асырылған «Біз біргеміз» жалпыұлттық акциясы аясында ерікті ретінде белсене ат салыcты. Оның алдында әскери қоймадағы жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласының тұрғындарына өнер тарландарының құрамында көмек көрсетті. Мақтааралдықтарға жылу жинауда да алғы шепте болып, жәрдемнен аянбады. Бұдан бөлек жас спортшыларға қолдау көрсету, спорт жарыстарын ұйымдастыру, мешіт құрылысына және күрделі жөндеуіне қаржы бөлу тұрғысынан да ерекшеленіп жүр. 2019 жылы Жастар жылының қорытындысында жас буынды жігерлендіру, дұрыс бағыт көрсету мақсатында белгілі спортшы Ардақ Назаровпен, 2020 жыл басында отбасылық тәрбие беру, салиқалы қоғам құру тұрғысында сөзін тыңдау үшін атақты актер Бекжан Тұрыспен халықтың кездесуін ұйымдастырды. Жыл сайын Алматы қаласының Мамыр мөлтекауданындағы №1 балалар үйі мен қарттар үйіне, «Қазақстандағы балалар үйлері түлектерінің қауымдастығына», «Жастарға жол» қоғамдық қорына көмектесіп тұрады. «Хабар» арнасындағы «Жұлдызды жекпе-жек» шоуында ең жас меценатқа сыйақы бергені де, көпбалалы отбасыға Алматыдан үш бөлмелі пәтер алып бергені де жомарттығының бір парасы. Марапат жағынан келсек, Алматы қаласы әкімінің, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алғысхатын алған және «Жаңатас қаласына – 50 жыл» мерекелік медалімен, сосын ҚР Президентінің жарлығымен «Халық алғысы» медалімен марапатталған. ҚР Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында белсенділік танытып Елбасымыздан «Алғыс хат» «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі, конституциялық реформаны табысты жүзеге асыруға және Жаңа Әділетті Қазақстанды құру ісіне зор үлес қосқаны үшін ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Алғыс хат» мен марапатталды.

    Сарсембаев Талғат Ахметбекұлы
    Мәслихат депутат

    Сарсембаев Талғат Ахметбекұлы

    Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты

    Сәрсембаев Талғат Ахметбекович 1970 жылғы 20 мамырда Жамбыл облысы Қордай ауданы Тасқайнар ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. 1978 жылы мектепке барып 1986 жылы мектепті аяқтаған. Білімі жоғары. 1988-1990 жылдар аралығында әскер қатарына шақырылып, әскери борышын өтеген. 1993 жылы отау құрып, үш бала тәрбиелеуде. 1996 жылы Қырғыз Мемлекеттік Ұлттық университетіне түсіп, оны 2001 жылы «юриспруденция» мамандығы бойынша аяқтаған. 1995-2005 жылдар аралығында жеке бизнес ашып, кәсіпкер болған. 2005 жылы «Ақтасты» шаруа қожалығы құрылды, оның негізгі бағыты мал шаруашылығы (асыл тұқымды ірі қара және қой шаруашылығы) және өсімдік шаруашылығы (бидай мен арпа өсіру). Қазіргі таңда 700 гектар жер аумағына бидай мен арпа егіліп, 12 жұмысшы жұмыспен қамтылуда. 2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін ЖШС «Өрікті» мекемесінде директор қызметін атқарып, 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Кордай Корм» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы болып табылады. Аудандық кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі ретінде Кәсіпкерлер палатасының Қордай аудандық филиалының ұйымдастыруымен өтетін іс-шараларға қатысып, кәсіпкерлік саласындағы проблемалық мәселелерді көтеруде. 2016 жылы Қазақстан Республикасының делегациясы құрамында Финляндия бойынша агротур барысында Финляндияның агроөндірістік кешенінің озат кәсіпорындар, «алқаптан сөреге дейін» қағидасы бойынша озат технологиясы тура жолға қойылған үш үлгілі фермерлік шаруашылық, заманауи сүт-тауарлы ферма, құрама жем зауыты, ірі қара мал бордақылау кешені, ауыл шаруашылығына арналған жабық модульдар, тезек өңдеп, биогаз және тыңайтқыш, жем беретін құрал-жабдық өндіретін зауыт жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда озат технологияларды өз кооперативінде, шаруа қожалығында енгізіп, құрама жем зауытын салып, оны іске қосып, Қордай ауданының ауылшаруашылық өндірушілерімен өз тәжірибесімен бөлісуде. Талғат Ахметбекұлының басқаруындағы «Кордай Корм» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі «Бастау бизнес» жобасының түлектері – кәсіпкерлер үшін зәкірлі кәсіпорын болып табылады. Республикалық кәсіпкерлер палатасының филиалы «Бастау Бизнес», «Жас кәсіпкер», гранттық қаржыландыру аясында аталмыш кәсіпорынмен белсене жұмыс атқаруда. Талғат Ахметбекұлы аталмыш бағдарламалардың тыңдаушылары, оқушылар мен колледж студенттері арасында құс шаруашылығын дамыту, құстар мен ауылшаруашылық жануарларды толыққанды құрама жеммен қоректендірудің артықшылықтары жөнінде кәсіби бағдарлау жұмыс жүргізіп, құрама жем зауыты жанында оқу орталығын ашуды көздеп отыр.

    Буркитбаева Жанар Касымбайқызы
    Мәслихат депутат

    Буркитбаева Жанар Касымбайқызы

    Депутат Жамбылского областного маслихата

    Буркитбаева Жанар Касымбаевна Жамбыл облысы мәслихатының депутаты Жалпы ақпарат, білім Жеке кәсіпкер «Буркитбаева ЖК» директоры 1977 жылы 31 мамырда Жамбыл облысында дүниеге келген. 1998 жылы М.Х.Дулати атындағы ТарМУ «Халықаралық экономикалық қатынас» мамандығы бойынша бітірді. 2004 жылы «Әулие-Ата» университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Марапаттары: ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Медаль, 2011 ж. 10 қараша ҚР Мәслихаттарының 20 жылдығына арналған Медаль, 2014 ж. 2021 жыл Елбасының Алғыс хаты, 2020 жыл Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасы. 2021 жыл "Облысқа сіңірген еңбегі үшін" белгісімен. Жамбыл облысы әкімінен. Мансап Еңбек жолын университетте мұғалім болып бастаған, 2005 жылдан бері кәсіпкер. Тараз қаласының қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысады. «AMANAT» партиясының мүшесі, Жамбыл облысының іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі,Жамбыл облысының "Саясаткер әйелдер" клубының мүшесі,Еуропалық экономикалық клубтың мүшесі. 2013 жылы Қазақстанның жас депутаттарының бірінші форумының делегаты болды. Тараз қалалық мәслихатының 5,6,7 шақырылым депутаты. Басты мақсат халыққа қызмет ету және қайырымдылық қызмет деп санайды

    Джузанов Айдар Сұлтанұлы
    Мәслихат депутат

    Джузанов Айдар Сұлтанұлы

    Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты

    Джузанов Айдар Сұлтанұлы 1975 жылы қаңтар айының 24 жұлдызында Жамбыл облысы, Жамбыл қаласында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы, ұлты қазақ. Отбасы құрған, 4 баланың әкесі. 1992 жылы Орта мектепті бітіріп, сол жылы Элтекс атындағы Жоғарғы бизнес академиясына Менеджмент-Маркетолог мамандығына оқуға түсіп, оны 1996 жылы жоғарғы оку орнын бітірді. 2000 -2011 жылдар аралығында жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қаржыгер қызметіне қабылданып, қаржы директоры сабына дейін жоғарлаған. 2011 жылы «FORTIS» құрылыс компаниясының басшысы болып тағайындалып, осы уақытқа дейін өз қызметін атқарып келеді. 2011жылдан бері қазіргі «АМАНАТ» партиясының мүшесі болып қызмет атқаруда. V-VI шақырылым депутаты. 2022 жылдың қараша айынан бастап Қазақстан халық ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығына Жамбыл облысы бойынша филиалының төрағасы

    Абдрахманов Шыңғыс Басиеұлы
    Мәслихат депутат

    Абдрахманов Шыңғыс Басиеұлы

    Жамбыл облысы мәслихатының депутаты

    Абдрахманов Шынгыс Басиевич - Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Байқадам ауылында 1967 жылдың 27 тамызында қызметкерлер отбасында дүниеге келген. Ұлты - қазақ. 1974 жылы Байқадам ауылында мектепке қабылданып, 1984 жылы Жаңатас қаласында Қ.Сатпаев атындағы мектепті орта білім алып, аяқтаған. 1984 жылы Қазақ Политехникалық Институтының Қаратау қаласындағы филиалына оқуға түсіп, 1990 жылы «инженер-механик» мамандығына ие болды.

    Қойбаков Серік Мамыртайұлы
    Мәслихат депутат

    Қойбаков Серік Мамыртайұлы

    Депутат Жамбылского областного маслихата

    Қойбақов Серік Мамыртайұлы 1956 жылы Жамбыл облысы, Шу ауданы, Ленинск ауылында дүниеге келген. 1979 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл ту орденді ауылшаруашылық институтын орман шаруашылығы мамандығы бойынша бітірген. Сонымен қатар, ел игілігі үшін атқарған адал еңбегіне лайықты бағаланып, 2011 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған; 2015 жылы «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған; 2016 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталған; 2017 жылы ведомстволық «Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталған; 2018 жылы «Жамбыл облысына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталған; 2021 жылы Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ведомстволық «Еңбек сіңірген орман өсіруші» құрметті атағымен марапатталған.

    Қойлыбаева Эльмира Серікқызы
    Мәслихат депутат

    Қойлыбаева Эльмира Серікқызы

    Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты

    Койлыбаева Эльмира Сериковна 1970 жылы 12 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданындағы «Жас кешу» ауылында дүниеге келген. 1987 жылы Алматы қаласындағы Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық институтының тарих факультетіне түсті. Аталған оқу орнын 1992 жылы бітіріп, жолдамамен Жамбыл облысына келді. 1992-2017 жылдар аралығында педагогикалық қызмет барысында Тараз қаласы білім бөлімінің, Жамбыл облыстық білім басқармасының, қала және облыс әкімінің, қалалық мәслихаттың «Құрмет грамоталарымен» марапатталған. 2018 жылы Білім және ғылым министрі Е.К.Сағадиевтің «Құрмет грамотасымен» марапатталған. 2021 жылы ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Құрмет грамотасымен» марапатталған. 2022 жылдың қараша айында ҚР оқу-ағарту министрі А.Аймағамбетовтың Алғыс Хатымен марапатталған

    Қораласбаев Арылбек Шамшабекұлы
    Мәслихат депутат

    Қораласбаев Арылбек Шамшабекұлы

    Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты

    Қораласбаев Арылбек Шамшабекұлы 1968 жылдың ақпан айының 11 жұлдызында Жамбыл облысы Луговой ауданы (Т.Рысқұлов ауданы) Карл Маркс колхозы Подгорное ауылында (қазіргі Құмарық ауылы) дүниеге келген. Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр 1 ұл, 1 қызы бар. 1985 жылы Луговой ауданы Подгорное ауылы Карл Маркс атындағы (қазіргі Болтай батыр) орта мектебін бітірген. 1986-1988 жылдар аралығында әскер қатарында, 1989-1992 жылдар аралығында Луговой ауылы «Жамбыл Зооветеринарлық техникумын» Зоотехник мамандығы бойынша оқуды аяқтады. 2009 жылы 27 тамызда облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан қомақты үлесі үшін және Қазақстан Республикасы конституциясы күніне байланысты Жамбыл облысының әкімі құрмет грамотасымен марапаттады. 2012 жылы Облыстың агроөнеркәсіп кешеніндегі жемісті еңбегі үшін және ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні кәсіби мерекесіне орай Жамбыл облысының әкімі құрмет грамотасымен марапаттады. 2013 жылы Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан үлесі үшін құрмет грамотасымен наградталады 2014 жылы Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылуының 20-жылдығына орай,Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқаруының және ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің құрмет грамотасымен наградталады. 2014 жылы Жамбыл облыстық мәслихаты ауыл шаруашылығы саласындағы көп жылғы жемісті еңбегі және қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін Жамбыл облысының құрмет грамотасымен марапаттайды. 2015 жылдың 27 қарашасы Нұр Отан партиясының бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға қосқан қомақты үлесі және өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысқаны үшін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне орай​құрмет грамотасымен марапатталады 2021 жылы Елбасы Nur Otan Партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаев бастамасымен Қазақстан жалпыұлттық деңгейде тұңғыш рет өткен партияның сайлауалды іріктеуіне белсенді атсалысып, Праймеризге қатысу арқылы бастамашылық пен азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсеткен үшін Жамбыл облыстық филиалының төрағасынан алғыс хат алды. 2021 жылы Нұр-сұлтан қаласының министрі ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс жариялады. 2021 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаев Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілілген «Жомарт жүрек» сыйлығының «Жыл тұлғасы» номинациясымен аудан әкімі марапаттады. 2022 жылы Балалар жылы аясында облыста өткізілген ауқымды іс-шараларда белсенділік танытып,балаларды білім мен шығармашылыққа баулу бағытындағы елеулі үлес қосып жүрген үшін Жамбыл облысының әкімі ​алғыс білдірді! ​2022 жылы Қазақстан Республикасы президенті Қазақстан Республикасының Президентін сайлау науқанына дайындық және оны өткізу жұмыстарына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс айтты ! 2023 жылы Жетінші шақырылған обылыстық міслихаттың депутаты ретінде өңірдің әлеуметтік – экономикалық, қоғамдық – саяси, мәдени және рухани дамуына қосқан үлесі үшін Жамбыл обылысының әкімі алғыс білдірді

    Темірхан Нұрсұлтан Талғатұлы
    Мәслихат депутат

    Темірхан Нұрсұлтан Талғатұлы

    Жамбыл облысының мәслихат депутаты

    Мен Темірхан Нұрсұлтан Талғатұлы 1993 жылы 2 ақпанда Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келгенмін. Қазақ тілі - ана тілім. Орыс тілін, ағылшын тілін меңгергенмін. 2010 жылы Алматы қаласындағы N51 мектеп-гимназиясын бітірдім, 2014 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Халықаралық қатынастар » факультетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша тәмамдадым

    Тлеубердиева Гүлжан Ержанқызы
    Мәслихат депутат

    Тлеубердиева Гүлжан Ержанқызы

    Жамбыл облысының мәслихат депутаты

    Тлеубердиева Гүлжан Ержанқызы 1968 жылы 31 қазанда Жамбыл облысы Қордай ауданының Георгиевка ауылында туылды. 1985 жылы О.Жәутіков атындағы Республикалық физика-математика мектебін бітіріп, аталған жылы Жамбыл педагогикалық институтының математика факультетіне оқуға түсіп, 1991 жылы математика пәнінің мұғалімі болып бітірді. Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «10 жыл Астана» медалімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен, «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медалімен, «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» медалімен, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, Ы.Алтынсарин төсбелгісімен, «Облысқа еңбек сіңіргені үшін» белгісімен, Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен,Республикалық Білім және ғылым қызметкелерінің кәсіподағының «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен наградталған. Отбасылы, екі ұл тәрбиелеп отыр.

    Тулебаев Лямзер Кенесбекович
    Мәслихат депутат

    Тулебаев Лямзер Кенесбекович

    Депутат Жамбылского областного маслихата

    Тулебаев Лямзер Кенесбекұлы 1966 жылы 6 ақпанда Талас ауданы, Жданов ауылында дүниеге келген. 1988-1992 жылы Жамбыл гидромелиарация құрылыс институты ауылшаруашылық құрылыс факультетінің құрылыс инженері мамандығын бітірді. 2007 ж. – Облыстық автомобиль жолдары басқармасының құрылысшылар күніне орай « Құрмет грамотасымен» марапатталды. 2008 жылы, қыркүйек айында Қазақстан Республикасының құрылысшылар куніне байланысты Облыс Әкімінің грамотасымен марапатталған. 2008 ж. – облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі, құрылыстағы көп жылғы еңбегі үшін Жамбыл облысы әкімінің құрылысшылар күніне орай « Құрмет грамотасымен» марапатталды. 2008 ж. – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі және қоғамдық өмірге белсене қатысқаны үшін Байзақ ауданы әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды. 2009 ж. – Құрылысшылар күні кәсіби мерекесіне орай Байзақ ауданы әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды. 2010 жыл – құрылыс саласындағы жемісті еңбегі және қоғамдық өмірге белсене қатысқаны үшін облыстық мәслихат хатшысының грамотасымен марапатталды. 2010 ж. – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі және қоғамдық өмірге белсене қатысқаны үшін облыстық мәслихат хатшысының «Құрмет грамотасымен» марапатталды. 2011 ж. – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы күніне орай Байзақ ауданы әкімінің шешімімен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың медалімен марапатталған. 2015 ж. – облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін министр А.Исекешовтің «Құрмет грамотасымен» марапатталды. 2016 жыл – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының « Құрмет грамотасымен» марапатталды. 2017 жылы – Байзақ ауданы әкімінің үкімімен Байзақ ауданының «Құрметті азаматы» медалімен марапатталды. 2017 жыл – «Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, ПТ және ӘД басқармасы» КММ бұйрығымен Құрылысшылар күні кәсіби мереке күні «Құрметті жолшы» медалімен марапатталды. 2018 жыл – Байзақ ауданының 80 жылдығына орай аудан әкімі төсбелгімен марапатталды. 2021 жылдан Жамбыл облысы 7-шақырылымдағы облыстық мәслихаттың депутаты. 2023 жылдан бастап 8-шақырылым Жамбыл облысы мәслихатының депутаты.

    Савченко Андрей Анатольевич
    Мәслихат депутат

    Савченко Андрей Анатольевич

    Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты

    1964 жылы 29 маусымда Тараз қаласында дүниеге келген. 1981 жылы №1 орта мектепті бітіріп, 1981-1986жж. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтында оқыды. Одан кейін Уссурийск (РСФСР) қаласындағы ПМК-да инженер-механик болып жұмыс істеді. 1987-1989 жылдары Тараз қаласындағы металл конструкциялар зауытында инженер-конструктор, цех шебері қызметтерін атқарды. 1989 жылдан 1992 жылға дейін Жамбыл қалалық комсомол комитетінің нұсқаушысы, кейін тексеру комиссиясының төрағасы. 1992 жылдан Грегори және Георам-Интер компаниялары президентінің көмекшісі, коммерциялық компанияның директоры.

    Адилов Нуржан Ахметович
    Мәслихат депутат

    Адилов Нуржан Ахметович

    Депутат Жамбылского областного маслихата

    Адилов Нуржан Ахметович Туылған жері : 1981 жылы 16 ақпанда Жамбыл облысы , Шу ауданы Алға ауылында дүниеге келген. Ұлты : қазақ, 2002 жылы Тараз мемлекетік универсеттінің «заң» факультетін бітірген. 2004 жылы Тараз мемлекетік универсеттінің Магистратурасын аяқтады.

    Әмірханов Әділхан Қайратұлы
    Мәслихат депутат

    Әмірханов Әділхан Қайратұлы

    Депутата Жамбылского областного маслихат

    Аты-жөні: Әмірханов Әділхан Қайратұлы, Туған жылы, айы, күні: 24.09.1994 Туған жері: Тараз қаласы ​Білімім – жоғары. Заң ғылымдарының магистрі Жұмыс өтілі: Алғашқы еңбек жолын Седьмой легион» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде маман болып бастаған. Әр жылдары: 2013-2017 жж. «Седьмой легион» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде директор; 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Super-pharm» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде: 2014 жылдан: аймақтық сату менеджері; 2016 жылдан: директордың орынбасары; 2017 жылдан – директор; 2018 жылдан медициналық бұйымдар өндіретін зауытты қайта құру жобасының менеджері; 2020 жылдан даму жөніндегі директор; 2025 жылдан бас директор (қазіргі уақытқа дейін). Сонымен қатар 2017-2024 жылдар аралығында «S.P.» шаруа қожалығының жетекшісі; Қоғамдық жұмыстары мен жетістіктері: Жамбыл облысының меценаты; 2021 жылы Жамбыл облысының дамуына қосқан үлесі үшін арнайы медальмен марапатталған; Жамбыл аудандық мәслихатының VII шақырылымының депутаты; 2025 жылғы 1 мамырдан бастап Жамбыл облысы Бокс федерациясының вице-президенті;

    Карабеков Алтай Заутбекович
    Мәслихат депутат

    Карабеков Алтай Заутбекович

    Депутата Жамбылского областного маслихат

    Карабеков Алтай Заутбекович. Родился 27 марта 1972 года в городе Шымкент Образование - Высше Национальность – Казах. 1987 г. г Шымкент, Гидромелиоративный техникум, Специальность: «Автоматизация водохозяйственных систем»; 1991 г. Международный Казахско Турецкий Университет имени Яссауи,

    Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы
    Мәслихатының төрағасы

    Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы

    Жамбыл облыстық мәслихатының төрағасы

    Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы (педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық білім академиясының академигі, Халықаралық экология және тіршілік қауіпсіздігі ғылымдары академиясының академигі) Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы, 1956 жылы 22 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленгір (қазір – Төле би) ауданы, Қазығұрт ауылында ұстаздар отбасында дүниеге келді. Ұлты - қазақ. 1978 жылы Жамбыл мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика факультетін «физика» мамандығы бойынша үздік бітіріп шықты. Ұстаздық еңбек жолын (1978-1981) Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Ванновка ауылының М.В.Ломоносов атындағы орта мектебінде мұғалім болып бастады. 1981 ж. Мәскеу қаласында КСРО Педагогика Ғылымдары Академиясы аспирантурасының күндізгі бөліміне түсіп, кандидаттық диссертацияны мерзімінен бұрын қорғап шықты. 1984-1996 ж.ж. Жамбыл мемлекеттік педагогикалық институтында аға оқытушы, «Педагогика» кафедрасының доценті, «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, педагогика факультетінің деканы, оқу жұмыстары жөніндегі проректор қызметін атқарды. 1996 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің докторантурасына түсіп, мерзімінен бұрын докторлық диссертацияны қорғап шықты. 1998-2001ж.ж. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректор, оқу жұмыстары жөніндегі проректор қызметін атқарды. 2001-2004ж.ж. – Еуразия гуманитарлық институтының ректоры /Астана қ./. 2004 жылдың наурыз айынан бастап 2009 жылдың қараша айына дейін – Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры болып қызмет атқарды. 2009 жылдың қараша айынан бастап (ҚР Үкіметінің 2009 жылдың 16 қарашасындағы №1850 Қаулысы) 2012 жылдың қараша айына дейін – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі. 2012 жылдың 13 қараша айынан бастап М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры. 2021 жылдың 15-ші қаңтарында Жамбыл облыстық мәслихатының хатшысы болып сайланды. Республика және облыс деңгейінде қоғамдық жұмысқа белсене қатысады: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми кеңестің төрағасы (2013-2019), «Нұр Отан» Партиясы Республикалық саяси кеңесінің мүшесі (2015-2019), Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы (2013-2019), Оңтүстік өңірлік ректорлар кеңесінің төрағасы, Жамбыл облыстық Қазақстан халық Ассамблеясының «Әулие-ата» этномәдени Орталығының төрағасы, Жеке кәсіпкерлікті дамыту «Бизнес-2020 жол картасы» бойынша облыстық конкурстық комиссиясының төрағасы (2013-2019), «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» АҚ қамқоршылық кеңесінің мүшесі, «Нұр Отан» Партиясы Жамбыл облыстық филиалының бюро мүшесі. Мемлекеттік, ведомствалық және мерейтойлық наградалармен марапатталған: «Құрмет» ордені, Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет Грамотасы, «ҚР білім саласының құрметті қызметкері», «ҚР ғылымын дамытудағы үлесі үшін» төсбелгілері, ҚР БҒМ медальдары «Үздік ректор-2005», «Үздік ректор-2006», Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалі, «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Халқы Ассамблеясына 25 жыл». Құрметті атақтары бар: «Тараз қаласының Құрметті азаматы», «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері».

    Саурыков Ерболат Байұзақұлы
    Төраға

    Саурыков Ерболат Байұзақұлы

    Кәсіпкерлікті қолдау, өнеркәсіп, құрылыс, көлік және коммуналдық салаларды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы

    филология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА «Құрметті мүшесі», Жамбыл облыстық маслихатының депутаты. Е.Б. Саурықов 1971 жылдың 12 қыркүйегінде Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Фурмановка ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. 1978-1988 жылдары Құмөзек ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте білім алған.

    Жұмабаев Әлімбек Әсембекұлы
    Мәслихат депутат

    Жұмабаев Әлімбек Әсембекұлы

    Жамбыл облысы мәслихатының депутаты

    Әлімбек Әсембекұлы 1972 жылғы ақпан айының 13-ші жұлдызында Жамбыл облысы Тараз қаласында туылған. Білімі жоғары, Қ.А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген. 2011 жылғы VII қысқы Азия ойындарының алау эстафетасының Алауын ұстаушы. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына атсалысқаны үшін, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаетың 2011 жылғы Үкімімен Қазақстан Республикасының Құрмет граммотасымен марапатталды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы Үкімімен Қазақстан Республикасының Құрмет орденімен марапатталды. Отбасылы, төрт бала тәрбиелеп отырған, рухани бай ішкі дүниесі бар, өмірлік ұстанымдары қалыптсқан иманды азамат. Басшы ретінде өте қайырымды, адал және де жұмысына жауапкершілігі мол адам ретінде көзге түседі, тек өзінің қызметкерлері ғана емес, сұрақпен келген кез-келген адамға ашық қарап, мәселесін шешуге тырысатын абзал жан. Әрқашан өзінің біліктілігін арттырып, жан жақты ізденісте жүретін адам ретінде елге танымал, абыройлы азамат.

    Бықыбаев Дүйсеналы Дыбысалыұлы
    Төраға

    Бықыбаев Дүйсеналы Дыбысалыұлы

    Жамбыл облысы қоғамдық кеңесі төрағасы

    Бықыбаев Дүйсеналы Дыбысалыұлы 1957 жылы 2 қыркүйекте Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов (Луговой) ауданы, Қорағаты ауылында дүниеге келген. 1983 жылы Жамбыл мәдени-ағарту училищесінің ұлт-аспаптар бөлімін, 1987 жылы С.М.Киров атындағы Мемлекеттік Қазақ университетінің тарих және қоғамтану факультетін бітірген.