
Қойлыбаева Эльмира Серікқызы
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Койлыбаева Эльмира Сериковна 1970 жылы 12 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданындағы «Жас кешу» ауылында дүниеге келген. 1987 жылы Алматы қаласындағы Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық институтының тарих факультетіне түсті. Аталған оқу орнын 1992 жылы бітіріп, жолдамамен Жамбыл облысына келді. 1992-2017 жылдар аралығында педагогикалық қызмет барысында Тараз қаласы білім бөлімінің, Жамбыл облыстық білім басқармасының, қала және облыс әкімінің, қалалық мәслихаттың «Құрмет грамоталарымен» марапатталған.
2018 жылы Білім және ғылым министрі Е.К.Сағадиевтің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.
2021 жылы ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Құрмет грамотасымен» марапатталған.
2022 жылдың қараша айында ҚР оқу-ағарту министрі А.Аймағамбетовтың Алғыс Хатымен марапатталған
Койлыбаева Эльмира Сериковна еңбек жолын 1992 жылы Тараз қаласындағы Жамбыл атындағы №5 орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған.
2006-2008жж. - Тараз қаласындағы Жамбыл Жабаев атындағы №5 орта мектепте директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2008 -2010жж - №25 орта мектеп директоры қызметін атқарды.
2010-2022 жылдың тамыз айына дейін Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназия директоры қызметін атқарды.
2022 жылдың тамыз айынан бастап осы күнге дейін Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының директоры қызметін атқарып келеді.





