
Ералиев Бегалы Ералиұлы
Агроөнеркәсіпті дамыту, экология және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасы
Өмірбаян
«КазТрансГазӨнімдері» ЖШС Тараз өндірістік филиалының директоры
Ералиев Бегалы Ералиевич 1970 жылы 07 маусымда Жамбыл облысында дүниеге келген.
1987 - 1993 жылдар аралығында Жамбыл қаласының Жамбыл гидромелиорация құрылыс институтының мелиорация жұмыстарын механикаландыру мамандығы бойынша жоғары білім алып, инженер - механик квалификациясын алды.
1998 - 2001 жылдар аралығында Орта - Азиялық университетінің құқықтану мамандығы бойынша толық курсын бітіріп, заңгер біліктілігін алды.
2010 - 2012 жылдар аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің мұнай газ ісі мамандығы бойынша техника және технология бакалавры академиялық дәрежесін алды.
2014 жылы « Қазақстан Мәслихаттарына – 20» жыл» мерекелік медалімен марапатталды. 2016 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының туәелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.2019 жылы « Қазақстан Мәслихаттарына - 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. 2021 жылы Қазақстан Республикасының Президенті К. К. Тоқаевтың «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.2022 жылы Қазақстан Республикасының Президенті К. К. Тоқаевтың «Алғыс хатымен» марапатталды. Осы уақытқа Жамбыл аудандық мәслихатының V, VI, VII шақырылымының депутаты. 2023 жылдың 19 наурызында Жамбыл облыстық маслихаты депутаттығына тағайындалды. Орыс және қазақ тілдерінен басқа екі шет тілін (ағылшын, түрік) меңгереді.
Еңбек жолын 1993 жылғы тамыз айында Жамбыл облысы Талас ауданында «Бастау» АҚ автотұрағының механигі қызметінен бастаған.
1994 - 1995 жылдары «Ақбота» АҚ директорының орынбасары қызметін атқарды.
1995 - 1999 жылдары Жамбыл облысының ішкі істер департаментінің инспекторы болып жұмыс жасады.
1999 - 2007 жылдары «Шайқорық» ШҚ, «Шайқорық - Шарап» ЖШС, «Ержанбек» шаруа қожалығында басшылық етті.
2007 жылы «Амангелді Газ» ЖШС жетекші механигі қыхметін атқарды.
2007 - 2009 жылдар аралығында «Кедентранссервис» АҚ директордың орынбасары қызметін атқарды.
2010 жылдың ақпан айынан бастап Тараз магистралдық газ құбырлары басқармасының «Интергаз Орталық Азия» АҚ инженер - диспетчері лауазымына жұмысқа қабылданды. 2011 жылдың қараша айынан бастап Тараз филиалының авариялық - қалпына келтіру жұмыстары мен арнайы техникасының өндірістік бөлімінің бастығы қызметіне ауыстырылды. 2015 жылғы қазан айында арнайы техниканы пайдалану жөніндегі автотізбек бастығы қызметіне ауыстырылды. 2016 жылдың ақпан айынан бастап «Азия газ құбыры» ЖШС кадрлармен жұмыс жөніндегі аға инспекторы қызметіне тағайындалып, 2022 жылдың қаңтарында заңгер лауазымына ауыстырылды.
2022 жылдың 13 мамырынан бастап осы уақытқа дейін «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС Тараз өндірістік филиалының директоры .





