Жолтаев Талғат Базарбекұлы

    Жамбыл облысы мәслихатының депутаты

    Жолтаев Талғат Базарбекұлы
    Депутат маслихата

    Жолтаев Талғат Базарбекұлы

    Жамбыл облысы мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    Жолтаев Талғат Базарбекұлы, 1969 жылы 9 тамызда Жамбыл облысы Талас ауданы Ақкөл ауылында дүниеге келді.

    1976 – 1986 жылдары аралығында Жамбыл облысы Талас ауданы Ақкөл ауылында «Ақкөл» орта мектебін бітірген

    Тараз қаласында 2012 – 2019 жылдары халық игілігіне пайдалануға берілген жеке нысандар:

    2012 жылы Тараз қаласының орталығында балаларға арналған «Жазғы ойын-сауық және спорт» алаңшасы;

    2014 жылы Тараз қаласының тұрғындарына арналған «Демалыс орталығы, жазғы кафе және жүзу бассейні»;

    2016 жылы Тараз қаласында «АЛАШ» құрылыс заттарының сауда орталығы» іске қосты.

    2019 жылы «Бұрыл Бірлесу» ЖШС-ін ашып, шағал, құм, топырақ, құм-шағал қоспаларын шығару зауытын іске қосты.

    Өз қаражаты есебінен демеушілік жасаған әлеуметтік нысандар:

    • Тараз қаласындағы бірнеше тұрғын үй мөлтек аудандарында балаларға арналған ойын алаңшалары;
    • 2014 жылы Талас ауданы Тамабек ауылының тұрғындарына 1 – 9 шақырым автомобильді жолы;
    • 2015 жылы Талас ауданы Ақкөл ауылының орталық мешітінің қазандығы және жылу жүйесі құрылысы;
    • Жамбыл облысының жас спортшыларын қолдау мақсатында демеушілік етуде.
    • 2018 жылы Талас ауданы Ақкөл ауылының орталығында «Бақ-құсы» атты монументін салдырды;
    • 2018 жылы Талас ауданы Тамабек ауылында электр желісін салдырып, электр энергиясын қуаттайтын трансформатор орнатты.

    Еңбек жолын 1986 жылы Талас ауданында ПМК-211 жылжымалы құрылыс мекемесінде бастады. Сол мекеменің жолдамасымен 1987 жылы «Алматы Сәулет Құрылыс институты» оқу орнына қабылданып, 1993 жылы «Жылу, газбен жабықтау және вентиляция» инженер мамандығын алды. Сол жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысты.

    2009 жылы «Пырақ-Құрылыс» ЖШС-ін құрып, қазіргі уақытқа дейін Жамбыл облысындағы Құрылыс саласына өз үлесін қосуда.

    Мекеме еншісінде Жамбыл облысында салынған көптеген құрылыс нысандары, яғни мектеп құрылысы, спорт мектебі құрылыстары, жол, газбен, электрмен және ауыз сумен қамтамасыз ету құрылыстары.

    Жамбыл облысының құрылыс саласын дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасымен бірнеше рет марапатталды.

    2013 жылы Қазақстан Респуликасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен Республика деңгейінде әлеуметтік құрылыс саласында белсенділік көрсеткені үшін «Пырақ-Құрылыс» мекемесі « Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз 2013»» атты дипломымен марапатталды.

    Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту» бағдарламасы аясында 2013 жылы «Тараз қаласындағы полиэтиленді жұқалтыр өндіру зауыты» өзінің ат салысуымен іске қосылды. Зауытта жұмыс орындары ашылып, қазіргі таңда ауыл шаруашылық бағытында халық игілігіне жұмыс істеуде.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері