
Өмірбаян
Мырзалиев Шындос Кершаизович 1963 жылы 9 қаңтарда Жамбыл облысының Луговой ауданы Тереңөзек ауылында туылған. 1980 жылы Луговой ауылындағы Ворошилов атындағы орта мектепті бітірген. Ұлты қазақ.
1986 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының педиатриалық факультетін «балалар хиругы» мамандығы бойынша бітіріп, 1987 жылы Жамбыл қаласындағы облыстық балалар ауруханасында интернатура өткен.
Еңбек жолы 1987 жылдан Қордай аудандық ауруханасында балалар хирургі болып бастады. 1990 жылы Москва қаласында білімін жетілдірді.
1990 жылы Луговой аудандық орталық ауруханасының хирургі болып ауысты.
1991 жылы аудандық орталық ауруханасының емхана бөлімі меңгерушісі болып тағайындалды. 1999 жылдан бастап аудандық емхана ауруханадан бөлініп заңды тұлға болуына байланысты бас дәрігер болып тағайындалды.
2011 жылдан бастап аудандық емхананың аудандық орталық ауруханаға қосылуына байланысты бас дәрігер болып тағайындалды.
Жоғары дәрежелі денсаулық сақтау менеджменті
Денсаулық сақатау саласындағы ерен еңбектері үшін Жамбыл облысы әкімиятының денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филалының «Құрмет грамоталармен» 2004 және 2006 жылдары марапатталған.
2007ж. - Жамбыл облысы Әкімінің «Құрмет грамотасы»
2008ж. - «Астанаға-10 жыл» медалі,
2008ж. - «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісі,
2011ж. - «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгі,
2011ж. - «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталған.
2015ж. - Қазақстан Республикасы Мәслихатына 20 жыл медалімен марапатталған.
2016ж. - Қазақстан Республикасы Мәслихатына 25 жыл медалімен марапатталған.
2016ж. – Ұлттық медициналық академиясының «Алтын дәрігер» медалі
2017ж. - Ұлттық медициналық академиясының «AVE VITAE» ордені
2020ж. - «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» медалі
2020ж. - ҚР «Шапағат» медалі
2021ж. - Жамбыл облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісі
2009 жылы Денсаулық сақтау министрлігінің конкурсына өтіп, Австрия мемлекетінде білімін жетілдірді.
Мырзалиев Шындос Кершайызұлы өзінің негізгі мамандығымен шектелмей, ауданның қоғамдық жұмыстарына белсене қатысып отырады. 2003 жылдан бастап учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы. Ауданда өткен Президент, Парламент сайлауларының жоғары деңгейде өтуіне қосқан үлестері үшін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының алғыс хатына ие болған. «Нұр Отан» ХДП-ның партиясының белсенді мүшесі. Ол 2006 жылы партияның Жамбыл облыстық филалының саяси кеңесі «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
2008 жылдан бастап Т.Рысқұлов аудандық емдеу мекемелерінің координаттары болып тағайындалды, 2011 жылдың ақпан айынан бастап, Т.Рысқұлов аудандық орталық емханасы аудандық орталық ауруханасына қосылуына байланысты, Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері болып тағайындалды.
Т.Рысқұлов ауданы мәслихатының V-VI шақырылым депутаты.
Жамбыл облыстық маслихатының VII шақырылымы депутаты
2019-2020 жыл Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Денсаулық сақтау саласындағы іскер әкімшілік» бөлімінің магистрі.





