Өсербаев Сұлтан Мықтыбекұлы

    Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты

    Өсербаев Сұлтан Мықтыбекұлы
    Депутат маслихата

    Өсербаев Сұлтан Мықтыбекұлы

    Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    Диқан орта мектебінің директоры

    Өсербаев Сұлтан Мықтыбекұлы 1986 жылы 8 қарашада дүниеге келген. 2004 – 2008 жылы Тараз мемлекеттік педогогикалық институты филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша үздік бітіріп шыққан. Сонымен қатар «Педагогика - психология» ғылымдарының магистрі.

    2016 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен маслихаттары депутаттарының сайлауында «Нұр Отан» партиясының сайлау науқанына белсене қатысқаным үшін Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталған.

    2016 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай аудан әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталдым.

    2018 жылы Білім беру жүйесін жетілдіруге қосқан елеулі үлесі және жас жеткіншектерді тәрбиелеудегі жетістіктері үшін Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Құрмет грамотасымен» марапатталған.

    2019 жылы Жамбыл облысының мектеп басшылары арасында өткен «Табысты менеджер-2019» байқауында І орын иеленген.

    2020 жылы «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Қазақстанда жалпыұлттық деңгейде тұңғыш рет өткен партияның сайлауалды іріктеуіне белсенді атсалысқаным үшін облыс әкімінің алғыс хатпен марапатталған.

    2021 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен маслихаттары депутаттарының сайлауында «Нұр Отан» партиясының айқын басымдықпен жеңіске жетуіне қосқан үлесім үшін Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталған.

    Еңбек жолын 2008 жылы Байзақ ауданындағы Королевка орта мектебінде педогог – ұйымдастырушы қызметінен бастаған. 2009 жылы аталған орта мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2010 жылы тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

    2011 жылы Ғ.Мұратбев атындағы мектеп – гимназиясында директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс жасаған.

    2015-2017 жылдар аралығында Жаңатұрмыс орта мектебінің директоры, 2017 жылдың 5 сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Диқан тірек мектебінің директор қызметін атқарып келеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері