Бықыбаев Дүйсеналы Дыбысалыұлы

    Жамбыл облысы қоғамдық кеңесі төрағасы

    Бықыбаев Дүйсеналы Дыбысалыұлы
    Председатель

    Бықыбаев Дүйсеналы Дыбысалыұлы

    Жамбыл облысы қоғамдық кеңесі төрағасы

    Өмірбаян

    Бықыбаев Дүйсеналы Дыбысалыұлы 1957 жылы 2 қыркүйекте Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов (Луговой) ауданы, Қорағаты ауылында дүниеге келген. 1983 жылы Жамбыл мәдени-ағарту училищесінің ұлт-аспаптар бөлімін, 1987 жылы С.М.Киров атындағы Мемлекеттік Қазақ университетінің тарих және қоғамтану факультетін бітірген.

    1977 жылыЛуговой аудандық мәдениет бөлімінің киномеханигі.

    1977-1983 жылдары автоклуб меңгерушісі.

    1983-1986 жылдар аралығында Жамбыл облыстық атқару комитетінің Меркі және Луговой ауданаралық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамының жауапты хатшысы.

    1986-1987 жылдары аудандық мәдениет үйінің директоры.

    1987-1996 жылдары Меркі, Луговой ауданддарының мәдениет бөлімдерінің басшысы.

    1996-2000 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары.

    2000 жылы Т.Рысқұлов аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.

    2012 жылы Т.Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының жетекшісі.

    2013 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысының орынбасары.

    2014 - 2020 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқарманың басшысы.

    2025 жылдың сәуір айынан бастап Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері