Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы

    Жамбыл облыстық мәслихатының төрағасы

    Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы
    Председатель маслихата

    Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы

    Жамбыл облыстық мәслихатының төрағасы

    Өмірбаян

    Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы

    (педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық білім академиясының академигі, Халықаралық экология және тіршілік қауіпсіздігі ғылымдары академиясының академигі)

    Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы, 1956 жылы 22 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленгір (қазір – Төле би) ауданы, Қазығұрт ауылында ұстаздар отбасында дүниеге келді. Ұлты - қазақ.

    1978 жылы Жамбыл мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика факультетін «физика» мамандығы бойынша үздік бітіріп шықты.

    Ұстаздық еңбек жолын (1978-1981) Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Ванновка ауылының М.В.Ломоносов атындағы орта мектебінде мұғалім болып бастады.

    1981 ж. Мәскеу қаласында КСРО Педагогика Ғылымдары Академиясы аспирантурасының күндізгі бөліміне түсіп, кандидаттық диссертацияны мерзімінен бұрын қорғап шықты.

    1984-1996 ж.ж. Жамбыл мемлекеттік педагогикалық институтында аға оқытушы, «Педагогика» кафедрасының доценті, «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, педагогика факультетінің деканы, оқу жұмыстары жөніндегі проректор қызметін атқарды.

    1996 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің докторантурасына түсіп, мерзімінен бұрын докторлық диссертацияны қорғап шықты.

    1998-2001ж.ж. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректор, оқу жұмыстары жөніндегі проректор қызметін атқарды.

    2001-2004ж.ж. – Еуразия гуманитарлық институтының ректоры /Астана қ./.

    2004 жылдың наурыз айынан бастап 2009 жылдың қараша айына дейін – Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры болып қызмет атқарды.

    2009жылдың қараша айынан бастап (ҚР Үкіметінің 2009 жылдың 16 қарашасындағы №1850 Қаулысы) 2012 жылдың қараша айына дейін – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі.

    2012 жылдың 13 қараша айынан бастап М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры.

    2021 жылдың 15-ші қаңтарында Жамбыл облыстық мәслихатының хатшысы болып сайланды.

    Республика және облыс деңгейінде қоғамдық жұмысқа белсене қатысады: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми кеңестің төрағасы (2013-2019), «Нұр Отан» Партиясы Республикалық саяси кеңесінің мүшесі (2015-2019), Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы (2013-2019), Оңтүстік өңірлік ректорлар кеңесінің төрағасы, Жамбыл облыстық Қазақстан халық Ассамблеясының «Әулие-ата» этномәдени Орталығының төрағасы, Жеке кәсіпкерлікті дамыту «Бизнес-2020 жол картасы» бойынша облыстық конкурстық комиссиясының төрағасы (2013-2019), «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» АҚ қамқоршылық кеңесінің мүшесі, «Нұр Отан» Партиясы Жамбыл облыстық филиалының бюро мүшесі.

    Мемлекеттік, ведомствалық және мерейтойлық наградалармен марапатталған:«Құрмет» ордені, Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет Грамотасы, «ҚР білім саласының құрметті қызметкері», «ҚР ғылымын дамытудағы үлесі үшін» төсбелгілері, ҚР БҒМ медальдары «Үздік ректор-2005», «Үздік ректор-2006», Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалі, «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Халқы Ассамблеясына 25 жыл».

    Құрметті атақтары бар: «Тараз қаласының Құрметті азаматы», «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері».

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері