
Өмірбаян
Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мыңарал ауылында 01.12.1961 жылы дүниеге келді. 1979 жылы мектепті бітіргеннен кейін Мыңарал балық зауытында слесарь болып жұмысқа орналастым. 1980 жылы Кеңес Армиясы қатарына шақырылып, 1982 жылға дейін әскери борышымды өтедім.
1984 жылы Алматы қаласындағы «ҚазБШҒЗИ» Қазақ балық шаруашылығы ҒЗИ - ін «балық шаруашылығын жүргізу» мамандығы бойынша сырттай аяқтадым, халықаралық сапа стандарттары бойынша сертификаттары бар: ISO 9001: 20015 «сапа менеджменті жүйесі», ISO 22000:2005 «тамақ өнімдерінің қауіпсіздік менеджменті жүйесі».
Отбасы жағдайы: үйленген, бес баласы бар.
1982-2002 жылдары Мыңарал балық зауытында балықшы, өндіруші флоттың бригадирі болып жұмыс істеді.
2002 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Мың - Арал компаниясы» ЖШС директоры.
Саяси мансабы: 2012 жылдан бастап – «Аманат»партиясының мүшесімін.
2021 жылдан-Жамбыл облыстық мәслихатының жетінші шақырылымының депутаты; облыстық мәслихаттың агроөнеркәсіптік кешен салаларын дамыту, экология және табиғат пайдалану мәселелері, экологияны пайдалану және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі комиссиясының құрамында.
Марапаттары: 2020 жылы Мойынқұм ауданының дамуына қосқан үлесі үшін медаль





