Жылқыбаев Досбол Мәлікомарұлы

    Депутат Жамбылского областного маслихата

    Жылқыбаев Досбол Мәлікомарұлы
    Депутат маслихата

    Жылқыбаев Досбол Мәлікомарұлы

    Депутат Жамбылского областного маслихата

    Өмірбаян

    1984 жылы 27 қыркүйекте Жамбыл облысы, Сарысу ауданындағы Әшір Бүркітбаев ауылында дүниеге келген. 1990-2001 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы орта мектепте білім алған. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін заңгер мамандығы тамамдаған.

    Коронавирус пандемиясына қарсы күрес мақсатында жүзеге асырылған «Біз біргеміз» жалпыұлттық акциясы аясында ерікті ретінде белсене ат салыcты. Оның алдында әскери қоймадағы жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласының тұрғындарына өнер тарландарының құрамында көмек көрсетті. Мақтааралдықтарға жылу жинауда да алғы шепте болып, жәрдемнен аянбады. Бұдан бөлек жас спортшыларға қолдау көрсету, спорт жарыстарын ұйымдастыру, мешіт құрылысына және күрделі жөндеуіне қаржы бөлу тұрғысынан да ерекшеленіп жүр. 2019 жылы Жастар жылының қорытындысында жас буынды жігерлендіру, дұрыс бағыт көрсету мақсатында белгілі спортшы Ардақ Назаровпен, 2020 жыл басында отбасылық тәрбие беру, салиқалы қоғам құру тұрғысында сөзін тыңдау үшін атақты актер Бекжан Тұрыспен халықтың кездесуін ұйымдастырды. Жыл сайын Алматы қаласының Мамыр мөлтекауданындағы №1 балалар үйі мен қарттар үйіне, «Қазақстандағы балалар үйлері түлектерінің қауымдастығына», «Жастарға жол» қоғамдық қорына көмектесіп тұрады. «Хабар» арнасындағы «Жұлдызды жекпе-жек» шоуында ең жас меценатқа сыйақы бергені де, көпбалалы отбасыға Алматыдан үш бөлмелі пәтер алып бергені де жомарттығының бір парасы.

    Марапат жағынан келсек, Алматы қаласы әкімінің, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алғысхатын алған және «Жаңатас қаласына – 50 жыл» мерекелік медалімен, сосын ҚР Президентінің жарлығымен «Халық алғысы» медалімен марапатталған. ҚР Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында белсенділік танытып Елбасымыздан «Алғыс хат» «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі, конституциялық реформаны табысты жүзеге асыруға және Жаңа Әділетті Қазақстанды құру ісіне зор үлес қосқаны үшін ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Алғыс хат» мен марапатталды.

    Еңбек өтілін 2008 жылы Қытайдың Бейжің, Гуанжоу, Шанхай қалаларында қызмет істеп бастап, кейін Мәскеу, Киев, Минсктегі бизнеси ортамен байланыс орнатты. 2009 жылдан бүгінгі күнге дейін «DVERI CITY» дүкендер желісінің құрылтайшысы ретінде осы халықаралық іскерлік әріптестікті жалғап келеді. Қазір бұл компанияның дүкендері Қазақстанның алты қаласында табысты еңбек етуде және одан әрі кеңею үстінде.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері