
Сарсембаев Талғат Ахметбекұлы
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Сәрсембаев Талғат Ахметбекович 1970 жылғы 20 мамырда Жамбыл облысы Қордай ауданы Тасқайнар ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. 1978 жылы мектепке барып 1986 жылы мектепті аяқтаған. Білімі жоғары. 1988-1990 жылдар аралығында әскер қатарына шақырылып, әскери борышын өтеген. 1993 жылы отау құрып, үш бала тәрбиелеуде. 1996 жылы Қырғыз Мемлекеттік Ұлттық университетіне түсіп, оны 2001 жылы «юриспруденция» мамандығы бойынша аяқтаған. 1995-2005 жылдар аралығында жеке бизнес ашып, кәсіпкер болған. 2005 жылы «Ақтасты» шаруа қожалығы құрылды, оның негізгі бағыты мал шаруашылығы (асыл тұқымды ірі қара және қой шаруашылығы) және өсімдік шаруашылығы (бидай мен арпа өсіру). Қазіргі таңда 700 гектар жер аумағына бидай мен арпа егіліп, 12 жұмысшы жұмыспен қамтылуда. 2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін ЖШС «Өрікті» мекемесінде директор қызметін атқарып, 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Кордай Корм» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы болып табылады.
Аудандық кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі ретінде Кәсіпкерлер палатасының Қордай аудандық филиалының ұйымдастыруымен өтетін іс-шараларға қатысып, кәсіпкерлік саласындағы проблемалық мәселелерді көтеруде.
2016 жылы Қазақстан Республикасының делегациясы құрамында Финляндия бойынша агротур барысында Финляндияның агроөндірістік кешенінің озат кәсіпорындар, «алқаптан сөреге дейін» қағидасы бойынша озат технологиясы тура жолға қойылған үш үлгілі фермерлік шаруашылық, заманауи сүт-тауарлы ферма, құрама жем зауыты, ірі қара мал бордақылау кешені, ауыл шаруашылығына арналған жабық модульдар, тезек өңдеп, биогаз және тыңайтқыш, жем беретін құрал-жабдық өндіретін зауыт жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда озат технологияларды өз кооперативінде, шаруа қожалығында енгізіп, құрама жем зауытын салып, оны іске қосып, Қордай ауданының ауылшаруашылық өндірушілерімен өз тәжірибесімен бөлісуде. Талғат Ахметбекұлының басқаруындағы «Кордай Корм» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі «Бастау бизнес» жобасының түлектері – кәсіпкерлер үшін зәкірлі кәсіпорын болып табылады.
Республикалық кәсіпкерлер палатасының филиалы «Бастау Бизнес», «Жас кәсіпкер», гранттық қаржыландыру аясында аталмыш кәсіпорынмен белсене жұмыс атқаруда. Талғат Ахметбекұлы аталмыш бағдарламалардың тыңдаушылары, оқушылар мен колледж студенттері арасында құс шаруашылығын дамыту, құстар мен ауылшаруашылық жануарларды толыққанды құрама жеммен қоректендірудің артықшылықтары жөнінде кәсіби бағдарлау жұмыс жүргізіп, құрама жем зауыты жанында оқу орталығын ашуды көздеп отыр.
Гранттық қаржыландыру бойынша аудандық комиссияның мүшесі, аудандық мәслихаттың депутаты. Аудандық кәсіпкерлер арасында зор беделге ие.
2022 жылдың маусымынан ЗТБ «Қазақстан Республикасынын мал азығы өндірушілер одағы» – Президенті болып тағайындалды.
2022 Жамбыл облысы, Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасынын Өңірлік Кеңес мүшесі.
2022 Қордай ауданынның Аудандық Кеңес Төрағасы
2022 Аманат партиясы Агроөнеркәсіптік кешен комитетінің мүшесі.
2023 Жамбыл облысы Агроөнеркәсіптік кешен комитетінің мүшесі





