
Қораласбаев Арылбек Шамшабекұлы
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Қораласбаев Арылбек Шамшабекұлы 1968 жылдың ақпан айының 11 жұлдызында Жамбыл облысы Луговой ауданы (Т.Рысқұлов ауданы) Карл Маркс колхозы Подгорное ауылында (қазіргі Құмарық ауылы) дүниеге келген. Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр 1 ұл, 1 қызы бар.
1985 жылы Луговой ауданы Подгорное ауылы Карл Маркс атындағы (қазіргі Болтай батыр) орта мектебін бітірген.
1986-1988 жылдар аралығында әскер қатарында, 1989-1992 жылдар аралығында Луговой ауылы «Жамбыл Зооветеринарлық техникумын» Зоотехник мамандығы бойынша оқуды аяқтады.
2009 жылы 27 тамызда облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан қомақты үлесі үшін және Қазақстан Республикасы конституциясы күніне байланысты Жамбыл облысының әкімі құрмет грамотасымен марапаттады.
2012 жылы Облыстың агроөнеркәсіп кешеніндегі жемісті еңбегі үшін және ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні кәсіби мерекесіне орай Жамбыл облысының әкімі құрмет грамотасымен марапаттады.
2013 жылы Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан үлесі үшін құрмет грамотасымен наградталады
2014 жылы Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылуының 20-жылдығына орай,Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқаруының және ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің құрмет грамотасымен наградталады.
2014 жылы Жамбыл облыстық мәслихаты ауыл шаруашылығы саласындағы көп жылғы жемісті еңбегі және қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін Жамбыл облысының құрмет грамотасымен марапаттайды.
2015 жылдың 27 қарашасы Нұр Отан партиясының бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға қосқан қомақты үлесі және өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысқаны үшін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне орайқұрмет грамотасымен марапатталады
2021 жылы Елбасы Nur Otan Партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаев бастамасымен Қазақстан жалпыұлттық деңгейде тұңғыш рет өткен партияның сайлауалды іріктеуіне белсенді атсалысып, Праймеризге қатысу арқылы бастамашылық пен азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсеткен үшін Жамбыл облыстық филиалының төрағасынан алғыс хат алды.
2021 жылы Нұр-сұлтан қаласының министрі ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс жариялады.
2021 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаев Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілілген «Жомарт жүрек» сыйлығының «Жыл тұлғасы» номинациясымен аудан әкімі марапаттады.
2022 жылы Балалар жылы аясында облыста өткізілген ауқымды іс-шараларда белсенділік танытып,балаларды білім мен шығармашылыққа баулу бағытындағы елеулі үлес қосып жүрген үшін Жамбыл облысының әкімі алғыс білдірді!
2022 жылы Қазақстан Республикасы президенті Қазақстан Республикасының Президентін сайлау науқанына дайындық және оны өткізу жұмыстарына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс айтты !
2023 жылы Жетінші шақырылған обылыстық міслихаттың депутаты ретінде өңірдің әлеуметтік – экономикалық, қоғамдық – саяси, мәдени және рухани дамуына қосқан үлесі үшін Жамбыл обылысының әкімі алғыс білдірді
1992-1997 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК Жамбыл облыстық филиалында қызмет атқарды.
1997-2003 жылдар аралығында «Аян» шаруа қожалығында басшының орынбасары қызметін атқарды.
2003 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Бай Алғабас» шаруа қожалығының басшысы қызметін атқарып жатыр.
2007 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінде агроном мамандығын бітірді.2007 жылы Төртінші шақырылған Т.Рысқұлов аудандық мәслихаттың депутаты, 2012 жылы Бесінші шақырылған Т.Рысқұлов аудандық мәслихаттың депутаты, 2017 жылы Алтыншы шақырылған Т.Рысқұлов аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланды.
2021 жылы Жетінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихаттың депутаты болып сайланды.
2013 жылы ІІІ дәрежелі “ЕҢБЕК ДАҢҚЫ” белгісімен марапатталды.
2014 жылы “Қазақстан мәслихаттарына 20-жыл” мерекелік медалімен марапатталдым.
2016 жылы“Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл” мерекелік медалімен марапатталды.
2018 жылы “Тұрар Рысқұлов ауданына-80 жыл” мерекелік медалімен марапатталды.
2019 жылы “Облысқа сіңірген Ерен еңбегі үшін” төс белгісімен марапатталдым. “Қазақстан мәслихаттарына 25-жыл” мерекелік медалімен марапатталды.
2020 жылы “ҮЗДІК ДЕПУТАТ” төсбелгісімен марапатталды.
2021 жылы Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды.
2021 жылы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жомарт жүрек» сыйлығының «ЖЫЛ ТҰЛҒАСЫ» номинациясымен марапатталды.
2022 жылы «Белсенді қызметі үшін» медалімен марапатталды.





