
Өмірбаян
«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы.
Бейсенқұлов Дауыл Ынтықбайұлы 1975 жылы 13 қыркүйекте Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылында дүниеге келді.
1982-1992 жылдар аралығында Аса ауылындағы Жеңістің 30 жылдығы атындағы орта мектепте жалпы орта білім алды.
1992-1997 жылдар аралығында Жамбыл қаласындағы (қазіргі Тараз) гидромелиорация-құрылыс институтын «автомобильдер және автомобиль шаруашылығы» мамандығы бойынша бітіріп шықты.
2015 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтады.
2010 жылдан бастап «AMANAT» партиясының мүшесі.
2023 жылдың 19 наурызында өткен ҚР Парламенті және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау қорытындысымен «AMANAT» партиясының партиялық тізімі бойынша Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды.
Марапаттары:
«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.), «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016 ж.), «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» (2020 ж.) мерекелік медальдарымен және «Ерен еңбегі үшін» (2020 ж.) медалі мемлекеттік наградасымен марапатталды.
2022 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпы республикалық референдумды және Президенттің саяси реформаларын ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қатысқаным үшін «AMANAT» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Еңбек жолын 1998 жылдың наурыз айында Жамбыл ауданы әкімінің аппараты көші-қон және демография бөлімінің жетекші маманы қызметінен бастады.
1999 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында Жамбыл ауданы әкімінің аппараты ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы;
1999 жылдың мамыр-қараша айлары аралығында Жамбыл ауданы әкімінің аппараты ішкі саясат бөлімінің бас маманы;
1999-2000 жылдар аралығында Жамбыл ауданы әкімінің аппараты жалпы бөлімінің бас маманы;
2000-2003 жылдар аралығында Жамбыл ауданы әкімінің аппараты ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы;
2003-2005 жылдар аралығында Жамбыл ауданы әкімінің аппараты ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі;
2005-2011 жылдар аралығында Жамбыл ауданы әкімінің ішкі саясат бөлімінің басшысы;
2011-2019 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары;
2019-2021 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.
2021 жылдың 13 қаңтарынан 2022 жылғы 1 наурызға дейін «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, 2022 жылдың 1 наурызынан бастап 2022 жылдың 27 желтоқсанына дейін «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының атқарушы хатшысы, 2022 жылдың 27 желтоқсанынан бастап «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы қызметін атқарып келеді.





