Ракаева Клара Балтабайқызы

    Жамбыл облысы мәслихатының депутаты

    Ракаева Клара Балтабайқызы
    Депутат маслихата

    Ракаева Клара Балтабайқызы

    Жамбыл облысы мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    Меркі аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығының директоры

    Клара Балтабайқызы 1964 жылы 12 сәуірде Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Жамбыл малдәрігерлік техникумын «бухгалтерлік есеп», 2007 жылы Қырғыз-Ресей академиясын «Қаржы және несие» мамандықтары бойынша аяқтаған.

    Алғашқы еңбек жолын 1981 жылы Меркі қант зауытында жұмысшы болып бастаған. 1984-1987 жылдары аудандық комсомол комитетінің бухгалтері, 1987 жылдың наурыз-шілде айларында аудандық тұтынушылар одағының ұйымдастыру конструкторлық бөлімінің аға инструкторы.

    1987-1991 жылдары Меркі аудандық атқарушылық комитеті жоспарлы комиссиясының экономисті, 1995-1998 жылдары Меркі аудандық әлеуметтік қорғау бөлімінің маманы, бас маманы, 1998-1999 жылдары аудандық мемлекеттік және әлеуметтік жәрдемақы төлеу бөлімінің бас маманы 1999-2005 жылдары тұрғын үй жәрдемақы секторының меңгерушісі. 2005-2009 жылдары аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүгедектермен, ардагерлермен жұмыс бөлімшесінің басшысы, 2009-2012 жылдары «Империал клининг сервис» ЖШС-ның администраторы, директордың орынбасары, 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Меркі ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүгедектер мен ардагерлермен жұмыс секторының меңгерушісі.

    2017 жылы Меркі ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры. 2018 жылдың 24 шілдесінен бастап Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Меркі аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығының» директоры лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері