
Жүнісова Фарида Амансарықызы
Экономика, бюджет, салық және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы төрайымы
Өмірбаян
1969 жылы 23 маусымда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайлау көл ауылында дүниеге келген.
1989 жылы Жамбыл есеп-статистикалық техникумын "өнеркәсіп бухгалтері"мамандығы бойынша бітірді.
2006 жылы Павлодар Мемлекеттік Университетін "Бухгалтерлік есеп және аудит"мамандығы бойынша бітірген.
2010 жылы «Қазақстанның құс өсіру саласының құрметті жұмысшысы» салалық белгісі.
2014 жылы «Сала көшбасшысы» дипломына, «Қазақстан даңқы» ордені.
2016 жылы «Үздік адамдар» энциклопедиясы құрмет белгісі.
2018 жылы Жамбыл облысы әкімінің «Өңірдің дамуына сіңірген еңбегі үшін» ордені.
Ауыл шаруашылығы министрінің Құрмет грамотасы.
Құс өсірушілер одағының «Салаға адалдығы үшін» медалі.
2021 жылы Президент Жарлығымен «Құрмет» ордені.
2019 жылы «Жыл меценаты» атандым.
1990-1995 жылдары Жамбыл аудандық тұтыну Одағында ет-сүт өнімдері бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.
1996 жылдан 2006 жылға дейін Павлодар облысында жеке бизнеспен айналысты
2006-2011 жылдары Павлодар қаласында "Малика-3" ЖШС басшысы болды.
2010 жылы Тараз қаласына көшіп келіп, Жамбыл облысы Байзақ ауданы Мырзатай ауылында қуаттылығы жылына 3000 тонна құс еті бар бройлерлік бағыттағы "Әулие-Ата Феникс" құс фабрикасын құрды.
2016 жылдың желтоқсанында қуаттылығы 5000 тонна болатын 1-кезең пайдалануға берілді. 2019 жылы қуаттылығы жылына 5000 тоннадан 8000 тоннаға дейін ұлғайта отырып, 2-кезеңді іске асыру және қуаттылығы жылына 250 тоннаға дейін сою қалдықтарын ет-сүйек ұнына терең өңдеу цехының құрылысы аяқталды. Жалпы сомасы 1 039 млн. теңге. 3-кезең 2023 жылы бройлер мясо өндіруді жылына 12000 тоннаға дейін кеңейту жоспарлануда, жоба сомасы 1420 млн. тг.



