
Өмірбаян
«Б.Момышұлы» атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Байкеева Самал Оңғарбайқызы, 1987 жылы 16 ақпанда Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылында көп балалы отбасында дүниеге келген.
1993 жылы Аса ауылындағы Юрий Гагарин атындағы орта мектеп табалдырығын аттап, оны 2004 жылы бітірген.
2004 -2008 жылдары Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Тараз институты филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі (бакалавр) мамандығы бойынша жоғары білім алған.
2008 жылдың шілде айынан 2009 жылдың қаңтарына дейін «Нұр Отан» ХДП (қазіргі «Аманат» партиясы) Жамбыл аудандық филиалында штаттан тыс қызмет ретінде жұмыс атқарған. 2009 жылдан бүгінге дейін Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеушісі.
2016 жылдан бүгінге дейін «Nur Otan» партиясы Жамбыл аудандық филиалының «Жетітөбе» бастауыш партия ұйымының төрайымы.





