
Өмірбаян
Танкебаев Жұмахан Мұқашұлы 1966 жылы 21 қазанда Жамбыл облысы Талас ауданының Тамды ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары.
2008-2012 жылдар аралығында Жамбыл гуманитарлық техникалық университетінің (ЖГТУ) «Есеп және аудит, экономика және бизнес» мамандығы бойынша білім алып оқуды аяқтады.
Ол өзінің еңбек жолын 1988 жылы Қаратау қаласының жұмысшыларды жабдықтау бөлімінде экспедитор болып бастады, әрі қарай қойма меңшерушісі, цех басшысы, мекеме басшысы қызметтерін 1995 жылға дейін абыроймен атқарды.
1995-2008 жылдар аралығында тараз қаласында «Бурыл» сауықтыру кешенінің директоры, 2008 жылдан қазіргі кезге дейін «Шоқайнар» демалыс орталығының директоры қызметін атқарып келеді. (Тараз қаласы, Қ.Жалайыр көшесі)
2020 жылдың 1 сәуірінен «Birgemiz – Jambyl oblysy» қоғамдық қорының төрағасы.
Ж.Танкебаев «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының белсенді мүшесі, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты (2021 жылдың қаңтар айынан VII-шақырылым), 2016 жылдан бері Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, комиссия төрағасы, кеңес хатшысы болды.
Ж.Танкебаев 2008 жылдан бастап 2009 жылы Тамды ауылы тұрғындарының игілігіне Қазақстан Діни басқармасында заңды тіркелген «Тәнкебай-Ата» мешітін салып берген.
2018 жылы Астананың 20 жылдығына Тамды ауылына спорт алаңын салып берді.
2020 жылы облыс әкімінің бастамасымен бастау алған «Асарлатып үй салу» жобасына атсалысып, сол ауылдағы аз қамтылған көпбалалы отбасына үй салып беруге атсалысып, өз үлесін қосты.
2021 жылы «Жомарт түлек» жобасы аясында Қойгелді атындағы орта мектебінде бір оқу кабинетін түгелдей жабдықтап берген.
Қойгелді атындағы орта мектептің бір қабатының түгел терезелерінің жалюздерін орнатып берді.
Марапаттары: «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетік басқару және өзін-өзі басқарудың даму мен қалыптасуына қосқан елеулі үлесі үшін» медальдарымен, «Жамбыл облысына сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен (2018ж.); Президент сайлауы аясында үгіт-насихат жұмыстарына белсенді қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж-К.Тоқаевтың Алғыс хатымен (2019ж.); «Жыл меценаты» номинациясымен (2019ж.); Елбасының бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қорының қызметіне белсене атсалысқаны үшін Басқарма төрағасының Алғыс хатымен (2020ж.); Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында белсенділік танытып, «Nur Otan» партиясының айқын басымдықпен жеңіске жетуіне қосқан үлесі үшін Елбасының Алғыс хатымен (2021ж.) марапатталған.
Талас ауданының құрметті азаматы, меценат, кәсіпкер.





